ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ҚАҢТАР АЙЫНДА 1556 АҚМОЛАЛЫҚ АҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛУГЕ ҚАТЫСАДЫ

18:24, 17 қаңтар 2020

Еліміздің әр өңірінде биылғы жылдың алғашқы ақылы ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды. Оған Ақмола облысы бойынша жалпы саны 1556 адам өтініш білдірген. Сынақ Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және 2 таңдау пәні бойынша тапсырылды. Тестілеу қаңтар айының 20-сына дейін жалғасады.

3 сағат 50 минутқа созылған тестілеудің алғашқы күнінде 483 оқушы қатысты. Бұдан бөлек алыс аудандардан келуі тиіс 47 оқушы ауа райының қолайсыздығына орай қатыса алмады. Ақылы тест құны 2242 теңге. Тест тапсырушыларды бақылайтын комиссия мүшелігінде ұлттық тестілеу орталығының өңірдегі филиал қызметкерлері, білім беру саласын бақылау департаментінің мамандары  және «Адалдық алаңы»  мониторингтік бақылау тобы болды. Алғашқы екі сағат ішінде тәртіп бұзғандар да бар. 

ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ,  ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІСІ

Тестілеуге кіргізерде ұялы телефонмен ұсталғандар болған жоқ. Тек сынақ басталған соң рұқсат етілмеген қағаздарды пайдаланған бір оқушы аудиториядан шығарылды. +Бізде жоспар бойынша енді тағы 3 рет өткізу жоспарда бар. Біріншісі қағаз жүзінде, екіншісі барлығы жақсы болса, онлайн түрде болмақ.  Сосын  негізгі жазғы тест қағаз жүзінде болады.

Сынаққа қатысушылардың дені  жалпы білім беретін мектепті биыл  бітіретіндер. 30-ы өткен жылы бағы тайып, жоғары оқу орнына түсе алмағандар.  Егер олар шекті  50 балды жинаса, жоғары оқу орнына  ақылы түрде түспек.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...