ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРҒАН – ҚАНАЙ ШЕШЕН...

20:34, 9 қазан 2019

Сұлу табиғатымен танымал Бурабай, әріде, қазақ тарихымен де біте қайнасқан киелі өлке. Абылайды хан көтеріп, үш жүздің батырын жауға бастаған Қанай бидің тұлғасы тәуелсіздік жылдары терең зерттеле бастады. Алты алаштың қамын ойлаған тарихи тұлғаның есімі Щучинск қаласындағы күре жолдың біріне беріліп отыр.

Қанай би Құттымбетұлы жоңғар шапқыншылығы дәуірінде Абылайды ақ киізге хан көтеріп, азаттық жолында күрескен қайраткер. От ауызды орақ тілді Қанай шешен өз тұсында қазақтың астанасы - Ташкенттің бегі болыпты. Үш жүздің кемел келешегі жолында Шың империясымен бітімгерлік орнатып, дипломатиялық қызмет те атқарған.

Заманының заңғар тұлғасы туралы деректер соңғы жылдардағы ғалымдардың тірнектеп жиған мұраларынан анықталып отыр. Абыз бабаның есіміне көше арнау Рухани жаңғыру жолындағы сүбелі қадам, - дейді бидің ұрпағы Ермек ақсақал.

ЕРМЕК ДӘУІТОВ, ҚАНАЙ БИДІҢ ҰРПАҒЫ

Мен Қанай бидің тоғызыншы ұрпағымын. Ол өз дәуірінде Абылай ханның сенімді серігі болған.Үш жүздің басын біріктіруге үлкен еңбек еткен.  Бұл шара жастарға үлкен өнеге. 

Билер институтының қоғамдағы орнын зерелеуге облыстық сот қызметкерлері қызығушылық танытып отыр. Қара қылды қақ жарып екі тарапты бітімге шақыру тәсілі әлем тарихындағы медиацияның алғашқы көрінісі, - дейді Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров.

ДОСЖАН ӘМІРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгінгі сот саласының сонау дала өркениетінен алары да көп. Бүгінде айтылып жатқан үлкен мәселенің бірі ол - медиация заңы. Бұл медиация, мен айтар едім, бүкіл жер шарында осы қазақтың билер институтынан бастау алған деп. Бүгінде бұл саладағы көрсеткіштеріміз республика бойынша 10 пайызға өсті. Бұл қуанарлық жағдай.

Қанай бидің мазары Түркістандағы тоқсан әулиенің арасында. Өлкетанушы ғалымдар алты алашқа аты мәшһүр арысымыздың тұлғасы жас буынды отансүйгіштікке баулудың берегей құралына айналуы тиіс деген тоқтамға келді. Сондай-ақ, медиация тетігін дамыту мақсатында өңір ақсақалдарынан арнайы кеңес құрылыпты.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР

Төле, Қазыбек, Тайкелтір, Шоң, Қанай бидердің қара қылды қақ жарған әділет жолын жалғау бүгінде сот саласы мамандарына жүктелген міндет. Бабалар жолын жаңғырту мақсатында сот билігі әр өңірде билер кеңесін құрып отыр. Бурай ауданының өзінде осы билер кеңесінің қатысуымен 11 азаматтық және 1 қылмыстық іс қаралып үлгеріпті.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...