ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

ҚАРАҒАШ АУЫЛЫ 90 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

19:50, 17 шілде 2017

1927 жылы негізі қаланған Қарағаш ауылында бүгінде 250-ге жуық үй, 800-ден астам адам тұрады.

1927 жылы негізі қаланған Қарағаш ауылында бүгінде 250-ге жуық үй, 800-ден астам адам тұрады. Ауыл тұрғындарының 80 пайызын қазақтар, қалғандарын өзге ұлт өкілдері құрап отыр. Жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп келе жатқан ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне жан сүйсінеді.  

Мерейлі тойға келген қонақтар мектептің ішінен ашылған Жақан Сыздықовтың атындағы мұражайға барып, оның тағылымды еңбектері мен қолжазбаларын тамашалады. Қарағаш ауылы талай танымал ақын-жазушылар, журналистер дүниеге келген киелі мекен. 

Одан кейін жиылған қауым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай орнатылған майдангерлердің есімдері жазылған тақтаның алдына барып, батырларын тағы бір мәрте еске алды. Айта кетейік, Отан соғысы кезінде Қарағаштан 150-ден астам ұлан қан майданға аттанған екен.

Бүгінде мал, егін шаруашылығы және көкөніс өсірумен айналысатын «Астық-СТЕМ» серіктестігі аталмыш елдімекен тұрғындарына көп жағдай жасап отыр. Атап айтар болсақ, қазірдің өзінде аталмыш серіктестік ауыл үйлерінің 80 пайызына су тартып,  оларды сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отыр.

Мерейлі тойда қазақы салт-дәстүр бойынша ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, ас дайындалды. Ауыл жастары алтыбақан теуіп, ән-жырдан шашу шашты. Ат жарысы, палуандар күресі тойдың сәнін келтірді.

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...