ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

19:37, 13 тамыз 2020

 

РКС: Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Өңірдің санитарлық бас дәрігері аймақта карантин талабы қалай жеңілдейтінін мәлімдеді.

РКС: Елде қауіпті індеттің таралу өсімі бәсеңдеді. Ауруға шалдыққандар саны күрт кеміп, жазылып шыққандар саны артуда. Өлім-жітім азайды. Бұл жағдай карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуге болатынын көрсетіп отыр. Сонымен, 17 тамыздан барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілердің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. Сауда үйлері, сұлулық салондары, шаштараз, фитнес орталықтары, монша, балалар орталықтары, ашық алаңдағы аттракциондар белгілі талаптар бойынша ғана жұмысын бастай алады. Мәселен, келетін адам саны 4 шаршы метрге 1 адамнан артылмауы тиіс. Таза ауада 5 адамнан артық емес топтық жаттығулар жасауға рұқсат етіледі. Десе де, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, сақтық, салтанатты, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ://аударма//: Карантин шаралары бірден алынып тасталмайды. Маска кию талаптары сақталады. Ара қашықтық сақтау міндеттеледі. Қоғамдық орындарда жүруге шектеулер сақталады. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады. Сондай-ақ, демалыс  күндері локдаун ережесі енгізіледі. Демек, жұмыс күндері жұмыс істейтін мекемелер сенбі, жексенбі күндері жұмы істемейді.

РКС: Карантин, әсіресе, жеке кәсіпкерлерге ауыр тигені белгілі. Енді олар өз жұмыстарын жалғастыру үшін әкімдікке келіп, өтініш берулері қажет.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: //аударма//: Барлық әкімдіктер жанынан арнайы мобильді топтар құрылады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өтінімнің ақпараттық жүйесін жасауда. Аталмыш мобильді топтар кәсіпкерлерге рұқсаттама береді. Ондай қағазы бар кәсіпкерлер ғана өз жұмыстарын жалғастыра алады.

РКС: Бүгінде Ақмола облысында эпидахуал тұрақты. Күнделікті өсім 1 проценттен аспайды. Ауруханадағы орын саны 50 процентке төмендеген. Десе де алда күз келе жатыр. Бұл кезең респираторлық аурулардың асқынатын мерзімі. Сондықтан, тұрғындар әлі де карантин шараларын ұстанғаны абзал,–дейді мамандар.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...