
ДИКТОР: Бүгіннен бастап өңірдің бас санитарлық дәрігерінің карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулысы күшіне енді. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова бастаған топ коронавирус індетінің екінші толқынына өңір дайындығын пысықтады. Соңғы екі аптада аймақта КОВИД-19 инфекциясын жұқтырғандар саны көбейген.
РКС: Қоғамды сарсаңға салған қауіпті індет әлем елдерінде тағы өрши бастады. Сондықтан өткеннен сабақ алған мемлекеттер бұл жолы аурудың алдын алудың дайындығын күшейтті. Наурыз айынан бастап облыста 3500-дай адам коронавирус жұқтырып, оның 94 проценті жазылып шыққан. Қазіргі уақытта 63 адам инфекция жұқтырған. Емдеу стационарлары жеткілікті.
СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///РУС// емдеу шаралары облыстағы 10 инфекциялық стационарда жүргізілуде. Қазіргі таңда ол жерде 565 адамға арналған орын дайындалды. Оның 66-сы бос емес. Одан бөлек резервте тағы орындар бар. Өңірде емхана жанындағы 136 мобильді медициналық бригада құрылған. Жаңадан салынған модульді инфекциялық ауруханада медициналық құралдар орнатылуда. Коронавирус дертін анықтайтын 6 зертхана бар.
РКС: Осы айдың 20-сына қарай барлық медициналық құрылғылармен қамтылған жылжымалы 8 автобус әкелінбек. Ол шалғай аудандарға пайдалануға беріледі. Медициналық мекемелер 2 айға жететін дәрі-дәрмек қорымен қамтылған. Сондай-ақ бүгіннен бастап екі аптаға арналған қатаң карантиндік шектеулер қойылды.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ/// РУС// 65 жастан асқандарға сыртқа шығуына болмайды. Өйткені қауіпті инфекция жұқтырғандардың басым көпшілігі осы жастағылар. Далаға түнгі 11 мен таңғы алтыға дейін шығуға рұқсат етілмейді. Демалыс күндері де локдаун сақталады. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Базар жұмысын тоқтады. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі онға дейін 30 адамнан артық кісі қабылдамай жұмыс істей алады. Мемлекеттік қызметшілердің 80 проценті қашықтан жұмыс істеулері тиіс.
РКС: Сондай-ақ коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген ақ халаттыларға мемлекет қолдау көрсетуде. 498 медициналық қызметкер 2 млн теңге, қайтыс болған 15 абзал жанның отбасы 10 млн теңгеден үстемақы алды. Жедел жәрдем мен инфекциялық стационарда жұмыс істейтіндерге 850 мың теңге көлемінде үстемақы төленеді. Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі тұрғындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.
СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ/// РУС/ инфекция бар. Ол ешқайда кеткен жоқ. Сондықтан маска тағып, санитарлық шараларды орындаңыздар. Егер әлі күнге дейін сенбей жүрсеңіздер, сіздерді инфекциялық стационарға шақырамын. Мұндағы науқастардың қандай қиын жағдайда жатқанын көресіздер.
РКС: Коронавирус өршіген шақ - жемқорлық фактілерінің көбейетін мезгілі. Бүгінде бағаны негізсіз көтермес үшін өңірдегі 217 дәріханаға арнайы QR-код орнатылған ақпараттық кітапшалар қойылды. Яғни, тұрғындар дәрі.кз мобильді қосымшасы арқылы дәрі құнын тексере алады. Қыркүйек айынан бүгінге дейін 2500 нысанға рейд жүргізіліп, 274 құқық бұзушылық фактілері анықталған. Адам көп жиналатын 35 мереке ұйымдастырылған. Оларға әкімшілік жаза қолданылды.
АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»