
ДК: Ақмола облысы қызыл аймаққа кірді. Өңірде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Соңғы тәулікте 68 адамнан қауіпті кесел анықталып отыр. Бүгінде стационарда 209 науқас ем алуда. Бұл туралы арнайы өткен брифинг барысында облыстың санитарлық бас дәрігері Айнагүл Мусина баяндады.
РКС: Өңірде қауіпті індет күн санап өршіп барады. Жыл басынан бері облыс бойынша коронавирус белгісі анықталған 4692 науқас тіркелді. Соның 4160 дертінен айығып шыққан. Өкінішке орай, 83 адам кеселдің құрбаны болды. Қазір өңірдегі эпиджағдай тұрақсыз. Әсіресе, соңғы аптада індетке шалдыққандар саны 1,5 есеге артқан.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ//аударма/// Соңғы аптада өңірде індетке шалдыққандар қатары көбейді. Яғни, 10-16 қараша аралығында 260 жағдай тіркелсе, 17-нен 23-і аралығында ол көрсеткіш 380-ге жетті. Егіндікөл ауданынан басқа аймақтардың барлығында індетке шалдыққан науқастар саны артты. Яғни, қараша айында ең көп дерек облыс орталығында тіркеліп отыр. Көкшетауда 546 адам инфекция жұқтырды. Ал, Степногорскіде 116 жағдай, Бурабай ауданында 80 дерек тіркелді.
РКС: Иә, індет қала тұрғындары арасында өршіп тұр. Қараша айындағы бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 3,6 процентке өскен. Брифинг барысында облыстың санитарлық бас дәрігері мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында да індет жұқтырғандардың өсіп отырғанын айтты.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ//аударма///Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында коронавирус белгісі расталған 68 жағдай тіркелді. Оның ішінде 23-і кезекші сыныптардың балалары. Ал 291 балан індет жұқтырғандармен байланыста болған. Бірақ олардың арасында індет дерегі анықталмаған. Қашықтан оқитын балалар арасында 45, мектепке дейінгі мекемелерде 24 дерек тіркелді.
РКС: Сонымен қатар, санитарлық бекеттердегі тәртіп те күшейтіледі. Қаладағы қозғалыс азаяды. Санитарлық нормаларды бұзғандар жауапқа тартылады. Облыстың санитарлық бас дәрігері халықты карантин талаптарын орындап, сақтанып жүруге шақырды.
АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ