ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

17:19, 13 қаңтар 2021

ДК: Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Өткен бір тәулікте облыста 62 адам вирус жұқтырған. Коронавируспен күрес шараларын күшейту мақсатында құзырлы мекеме карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізді. Жаңа қаулыға сай қызметкерлер саны 15-тен асатын мемлекеттік мекемелердің 80 процент жұмысшылары онлайн форматта еңбек етуі тиіс. Базарлар мен сауда орталықтары да сенбі, жексенбі күндері қызметін тоқтатады.

РКС:Ақмола облысы соңғы 4 күн бойы вирус таралу қаупінің қызыл аймағында. Өткен аптада 404 тұрғыннан ауру анықталса, осы аптада бұл көрсеткіш 419-ға жетті. Қазір облыс аумағында 455 адам стационарлық, 298 тұрғынға амбулаторлық ем қабылдауда. Өңір стационарлары 45 процентке жүктелген. 3 мыңнан астам адам үй карантинінде.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ///АУДАРМА/// 00/22 Қазіргі таңда облыс аумағында 7958 зертханалық жолмен расталған індет жұқтыру дерегі тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 8 проценті балалар. Көкшетау мен Степногорск қалалары, Бурабай, Сандықтау, Зеренді аудандарында індеттің таралу көрсеткіші жоғары. Вирус жұқтырғандардың жартысы денсаулық жағдайына байланысты өздері шағымданса, 40 проценті ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынасқа түскен. Қалғаны скринингтік бақылау барысында анықталған.

РКС: Облыс аумағында карантин талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 152 мобилдік топ құрылған. 50-ден астам жасырын той-томалақ өткізу дерегі анықталды. Мамандар індеттің қайта өршуіне вирусты респираторлық аурулардың маусымдық толқыны  кері әсер тигізіп отырғанын айтады. Вирусқа қарсы күрестің тиімді тәсілі ретінде эпидемиологтар демалыс күндеріндегі локдаун тәжірибесіне сүйеніп отыр. Бұдан былай бірқатар мекемелер жексенбі күнімен қатар, сенбі күні де қызметін тоқтатады.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ///АУДАРМА/// 02/40 Індет жұқтырғандардың 40 проценттен астамы 60 жастан асқан қариялар. Ауруға шалдыққандардың 30 проценті адам көп шоғырлданған ұжымдарда еңбек ететіндер. Бұл азаматтардың қоғамдық орындарда індет жұқтыру ықтималдығы жоғары екенін көрсетеді. Мониторингтік топтар 5 мыңға тарта нысанға тексеру жүргізді. 106 тәртіп бұзушылық анықталды.  

РКС: Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 9-дан кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істейді. Ғимаратта тиісті арақашықтық сақталып, келушілер саны бір мезетте 30 адамнан аспауы тиіс.  Фитнесзал, сауықтыру шынықтыру орталықтарына алдын ала жазылып, баруға болады. Сауналар мен спа-орталықтар демалыс күндері қызметін тоқтатады. Бұл нысандарда келушілер саны ғимарат сыйымдылығының 50 процентінен аз болуы талап етіледі. Жаңа қаулы 14 қаңтарда түнгі 12-де күшіне енеді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...