ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

19:04, 30 шілде 2020

ДК: Медициналық мекемелердің жұмысы бұрынғыдай күшейтілген режимде жалғасатын болады. Карантиндік талаптардың орындалуы да бақылауда. Бұл бағытта мониторингтік топтар құрылып жұмыс істеуде. Осындай тексерістердің бірі Көкшетау қалалық ауруханасында өтті.

РКС: Көкшетау қалалық ауруханасы бүгінде инфекциялық және провизорлық стационарға айналды. Қазірде мұнда COVID-19 індетіне шалдыққан 44 науқас ем қабылдауда. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов ақ халаттылармен жүздесіп, аурухананың медициналық қондырғылармен және дәрі-дәрмекпен қамтылуына қатысты пікірлерін тыңдады.

СНХ: МҰРАТ  ТЕМІРЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ///аударма: Ақ халаттылардың көтерген мәселелерінің бірі,  бұл провизорлық орталықтың жұмысын тоқтатып, штаттық режимге көшіру. Бұл хирургия, кардиология, гинекология сияқты бөлімшелердің жұмысын жандандырады. Карантин режимі аяқталысымен алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады деп сенеміз. ///

СНХ: ЕРМЕК ҚИСАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///АУДАРМА:Қазірде біздің мекеменің жұмысын штаттық режимге көшіру мәселесі талқыланып жатыр. Себебі, жұқпалы індеттің таралуына байланысты көкшетаулықтар бүгінде қалалық ауруханасыз қалды.  Біз бұл мәселе тез арада өз шешімін табады деген сенімдеміз. Себебі, қалалықтарға мамандандырылған медициналық көмек қажет-ақ. ///

РКС: Мониторингтік топ өкілдері тамыздың соңына дейін облыстың 8 ауданында яғни, Сандықтау, Атбасар, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Целиноград, Шортанды және Ақкөл аудандарына баруды жоспарлауда. Бүгінде Ковид-19 індетінің көрсеткіші төмендегенімен, карантиндік талаптарды орындауға әлі де үлкен мән беріледі.

СНХ: ӘЛИХАН  ЕВЛОЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ БАЗАСЫНДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДЫҢ ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕРІ//аударма://Президенттің  пәрменімен карантиндік шаралар тағы екі аптаға ұзартылды. Меніңше, бұл жұқпалы індеттің әрі қарай таралуына және аурудың қайта өршуіне жол бермеудің бірден-бір жолы. Біз карантиннің ұзартылуын толығымен қолдаймыз. Бүгінгі күні жағдай тұрақталып келе жатқанымен, әлі де белсенді жұмыс істеуді қажет етеді. ///

РКС: Мамандардың айтуынша, карантиннің тағы 2 аптаға ұзартылуы - қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір амалы. Бұл инфекцияның таралуын шектеп, өлім-жітімді азайтады. Сонымен қатар карантиндік талаптардың біртіндеп жеңілдетілуі де қазақстандықтардың бұрынғы өмір салтына қайта оралуына жақсы жағдай жасайды.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ӘЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ  ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
19:39, 13 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН
20:01, 7 тамыз 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...