ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

14:56, 14 тамыз 2019

ДК: Кей жағдайда адам өмірін санаулы секундтар шешетіні белгілі. Мәселен, медициналық жедел-жәрдем көлігінің діттеген жеріне дер кезінде келіп жетуіне тікелей жол бойындағы көлік қозғалысы ықпал етеді. Міне, осы және өзге де олқылықтардың орнын толтыру мақсатында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Ақмола адалдық алаңы» жобасы аясында арнайы рейд шараларын өткізді.  Толығырақ тілші баяндайды.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ,РЕДАКТОР   Қазір қоғамда жүргізушілер жедел жәрдем көліктеріне жол бермейді деген сөздерді жиі естиміз. Әсіресе адам жанына араша түсетін дәрігерлердің көбі осылай дейді. Бүгін біз жедел жәрдем көлігімен бірге жүріп, бұл пікірдің қаншалықты рас немесе өтірік екенін анықтап көрмекпіз.

РКС: Облыстық жедел жәрдем орталығына күнделікті жүздеген шақырту түседі. Дәрігерлер жаны қысылған адамға дереу жетіп, көмек көрсетуі қажет. Бірақ, бұл міндетті мінсіз орындауға біріншіден кептеліс кедергі келтірсе, екіншіден жүргізушілердің жол бермеу жағдайы түйінді түйткілге айналып отыр.

СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ  Ағымдағы жылы 69 көлік соқтығысы орын алды.Нәтижесінде зардап шегушілердің саны алдыңғы жылымен салыстырғанда 100 адамға артық. Шаһарда жүргізушілер жол ережесіне  бей-жай қарайды.Осы мәселе төңірегін ескерсе екен деймін.

РКС: Кез келген жүргізуші жедел жәрдем дабылын естіген сәтте жылдамдықты азайтып, жол беруге міндетті. Олай болмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Ал айыппұл көлемі 10 айлық есептік көрсеткішке тең. Дегенмен бұл жағдайда ең алдымен жүргізушілердің ар-ожданы алдыңғы қатарға шығуы тиіс. Себебі жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуға қаншалықты жылдам жетсе, адамды ажалдан арашалап қалу мүмкіндігі соншалықты арта түседі.


МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...