ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

КАРАТЭДЕН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 4 МЕДАЛЬ

15:21, 6 қаңтар 2020


Өткен жыл жерлес спортшылар үшін толағай табысқа толы болды. Спорттың  қай түрі болмасын, жерлес спорт саңлақтары   өңір абыройын асқақтатып,  мәртебесін  көтерді.  Әсіресе жерлес каратэшілердің айы  оңынан туды. Жыл соңында каратэ-до дан өткен әлем чемпионатында жерлестер   1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді еншілеген.

Байрақты бәсеке Жапония мемлекетінің Токио қаласында өтті. Әлемннің 40 елінен келген 400-ге жуық спортшы өз бақтарын сынады. Ал, ел намысын жалпы құрамда 30 спортшы қорғаған. Соның 6-ы Ақмола облысының мықтылары.

ӘДІЛ ТАШЫМ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

 Токио қаласында Әлем чемпионаты жоғары дәрежеде өтті.Мен 4 жекпе-жек өткіздім. Финалдық кездесуде Мексика қаласының спортшысымен шықтым. Ол каратэшіні 4:1 есебімен жеңдім.Сөйтіп Әлем чемпионы деген атаққа ие болдым.

Әлемдік додаға қатысқандардың бірі - Илья Дик. Ол барлық  кездесулерінде айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, тек  жартылай финалда есе жіберіп алады. Жас өрен осы қоланы алдағы уақытта  алтын медальға  ауыстыратына  сенім білдіріп отыр.

ИЛЬЯ ДИК, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Әлем чемпионатына алғаш рет қатыстым. Төрт кездесу өткіздім. Жартылай  финалда қарсыласыма есе жіберіп алдым. Ал қола белбеу үшін мен  Қытай елінің каратэшісімен шығып, 5:2 есебімен  жеңдім.

Иә өткен жылға өкпе жоқ. Ал алдағы жылдан үміт көп. Каратэшілердің алға қойған мақсаттары мен жоспарлары көп. Олар енді көп ұзамай Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының  чемпионатына қатыспақ ниетте. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары басталып та кеткен.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АБАЙ   ТӨЛЕГЕН  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...