ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ҚАРИЯСЫ БАР ҮЙДІҢ – ҚАЗЫНАСЫ БАР!

18:31, 12 наурыз 2018

Қала маңындағы қарттар мен мүгедектерге арналған «Үміт Шаңырақ» пансионаты осыдан 2 жыл бұрын ашылған. Мұнда тағдырдың жазуымен жалғыз немесе қараусыз қалған қамкөңіл жандар тұрады. Оларға бұл жерде толықтай күтім жасалады. Қазір мекемеде 40-қа жуық адам бар. Оның 23-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Қалғандары кезінде түрлі салада еңбек еткен зейнеткерлер. Тіпті, тыл ардагерлері де бар. 

Мекемені паналаушылардың ең үлкені 93-те, кішісі 43 жаста. Олардың әр күні жоспарланған, ішкі кесте бар. Ең бастысы – әрбіріне ыңғайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Шара барысында мектеп оқушылары қариялардың назарына концерттік бағдарлама ұсынды.  Бүлдіршіндердің өнерін қазыналы қарттар ерекше сүйіспеншілікпен тыңдап, қолдап көрсетті. Сонымен қатар, мекеме тұрғындарына мерекелік сыйлықтар табысталды.  

Пансионат негізі 50 адамға шақталған. Мұнда қариялар мен мүмкіндігі  шектеулі жандарға медициналық-психологиялық көмек көрсетіледі. Қазіргі күні мекемеде 16 қызметкер еңбек етуде. Оның төртеуі медицина мамандары. Қариялар үшін мерекелік бағдарламалар мен түрлі шаралар өткізіліп тұрады.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар