ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ

18:24, 12 ақпан 2020

Бүгінде өңірдегі экономиканың негізгі салаларындағы өндіріс өнімінің артуы есебінен экономика көрсеткіші 105 пайыздан асып отыр. Аграрлы-индустриялық аймақта ауылшаруашылығының жалпы өнімі 515 млрд-тан жоғары. Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету артып, нәтижесінде 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болған. Бұл жайында  Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өткен жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша берген есебінде айтты. Толығырақ Ердігүл Дәдібасқызы баяндайды.

Өңір басшысының есебін күткен халықтың қарасы мол. Бұл аймақ ахуалына бей-жай қарамайтын тұрғындардың көптігіне дәлел болса керек. Кіре-берістегі әлеуметтік саладағы жетістіктердің заманауи цифрландырылған көрмесі көздің жауын алады. Мәдениет, өркениет, ғылым, техника бағытындағы жаңашылдық – аймақтағы айшықты жетістіктер көрінісі. Мінбеге көтерілмес бұрын Ермек Боранбайұлы көрме мазмұнымен жіті танысып шықты. Облыс әкімі қызметіне тағайындалғанына әлі бір жыл толмаған басшы халық қошеметіне бөленіп үлгерген сыңайлы, көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өткен жылмен салыстырғанда даму бюджеті бір жарым есеге артып, 52 млрд. теңгені құрап отыр. Нәтижесінде әлеуметтік, коммуналдық, инфрақұрылым салаларына қолдау көрсету мүмкіндігі артты. Индустриалды сектор бойынша  «КамазИнжиниринг» өзінің өнім көлемін 1,7 есеге арттырып, 1000-нан аса камаз құрастырып шығарды. Степногорск мойынтірек зауыты өз өнімін ширек есеге, ал «Қазақалтын» бір жарым есеге арттырды. Азық-түлік өнімі саласында өсім тенденциясы сақталған. Биыл 111 пайыз көрсеткішке қол жеткіздік. «Макинск құс фабрикасының арқасында ет өнімі 2 еседен асты.

РКС: Республика бойынша өндірілетін жалпы құс етінің төрттен бір бөлігі – ақмолалық фабрикадан шыққан. Аграрлы-индустриялық аймақ саналатын Ақмола өңірінде ауылшаруашылығы саласының дамуы аса қарқынды.  

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Аграрлық сектор ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ететін облысымыздың экономикалық және әлеуметтік маңызды саласы. Ауылшаруашылығы саласын дамытуда мемлекеттің қолдауы орасан зор. Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 5 млн тоннадан аса астық жиналды. Жыл сайын астық 30 елге экспортқа шығарылады.

РКС: Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашығының жалпы өнімі 515,8 млрд теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, мал шаруашылығы бойынша ірі қара мал саны 1,8 пайызға артып, ал құс 7 пайызға көбейген. Әр ауданда 5-тен кем емес мал фермасын ашу жолға қойылған, 135 ет фермасын ашу жоспарланып отыр. Алайда, жерді дұрыс пайдаға асырып, ырзығын ысырап етпеу әлі де жолға қойылу қажет – деді өңір басшысы.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының Жолдауының маңызды міндеттерінің бірі – жер ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады. Бүгінгі таңда анықталған бір жарым млн  гектар пайдаланылмаған жердің жартысы ауылшаруашылығы саласына айналымға енгізілді. Қалған 650 мың гектарға жуығы айналысқа енгізілмей отыр. адағы уақытта осы жерлерде мемлекеттік меншікке қайру жұмыстары тездетіледі. Бұл – өздеріңізге белгілі агросектордағы үлкен міндеттердің бірі.  

РКС: Ел экономикасының дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде халықтың жаппай кәсіппен айналысуын айта аламыз. Бұл бағытта ақмолалық тұрғындар сырт қалған емес. Мәселен, өткен жылы «Жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2,1 млрд теңге қаражат бөлініп, 250 жоба іске қосылған. Шағын және орта кәсіпкерлік 3,1 пайызға артып, жалпы саны 45 500-ге жетіп отыр. Нәтижесінде 131 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда. «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты Отбасы» бағдарламалары ұтымды жұмыс істеуде. 534,1 мың шаршы метр тұрғын үй аумағы пайдаланылуға беріліп, 4648 отбасы баспаналы болған. Ал ағымдағы жылы тағы 5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға 2019 жылы 27 млрд теңге, оның ішінде жылу беру маусымына дайындыққа 7 млрд теңге бөлінген. Ал жолдарға күрделі жөндеу жұмыс жүргізу бағытында 21,6 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 428,8 шақырым жол жөндеуден өткен. Ағымдағы жылы өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында қала жолдарын ретке келтіру үшін 1,5 млрд теңге бөлінбек. Халық әлеуетінің басты көрсеткіші – білім саласы. Бүгінде өңірде 610 мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ://қаз// Өңірде 6 жасқа дейінгі балаларды мектептердегі тәрбие мекемелеріне орналастыру 100 пайыз қамтылған, бірақ сәби жастағы балалардың кезегі бар. Осыған орай, жаңа мектепке дейінгі мекемелерді ашу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, бұл мәселені шешу мемлекеттік жеке-меншік әріптестігі механизмі арқылы жүзеге асырылады.

РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш ауысымдық мектептердің және апатты жағдайдағы мектептердің санын азайту мақсатында 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал «Денсаулық» бағдарламасы аясында 169 медициналық қондырғы, оның ішінде 10 санитарлық автокөлік сатып алынды. Өткен жылы – Жастар жылы ретінде жарияланып, бұл бағытта өңірде айтарлықтай шаруалар атқарылған, болатын, соның ішінде «Жас прожект» бағдарламасы аясында 23 жоба іске асырылған. Ал, биылғы еріктілер жылы қарсаңында жастардың облыстық форумы өткізілді. Бұдан басқа, Ермек Боранбайұлы туристік аймақтарды жан-жақты дамыту жоспарларына тоқталып, жаңадан салынатын нысандармен таныстырды. Сонымен қатар, ағымдағы жылға облыс басшысының қойып отырған міндеттерін де атап өтті. Индустрияландыру картасы аясында 500 млрд. теңге бөлініп, 19 жоба іске асырылмақ. Соның ішінде, ауылшаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін «Джон дир» зауытын іске қосу, 2 энергетиканы алмастыру жобалары аталып өтті. Олар – Аршалы және Целиноград ауданында 100 Мегаваттық күнэнергиястанциялары. Ал облыс орталығының дамуына жеке тоқталған өңір басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық форумы аясында қалада бірқатар нысандар бой көтеріп, жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Кездесу соңындағы сұрақ-жауап бөлімінде микрофонға жүгірген бұқара көкейіндегі сұрақтарын іркіп қалмады. Көбінесе, газ, су тарту, жол мәселелері көтерілді.

Интер шум (2 сұрақ-жауап) 

РКС: Ермек Боранбайұлы тұрғындардың арқалап келген мәселелерін сол жерде бірден шешіп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеп отырды. Әкімнің бұл ісі көпшіліктің көңілінен шықты. Халық арасында өңір басшысына өз ризашылығын білдіргісі келген тұрғындар да табылды.

(ақсақал алғыс айтады)

СНХ: МАРАТ ОСПАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: //қаз// Мына облыс әкімі Маржықпаев өзінің өте білікті маман екенін көрсете білді. Және бүкіл сұраққа жауап берді деп ойлаймын. Енді бір қуантқаны Қонысбайдан Қызылсаяға дейін жеірміз өте нашар еді. Соны жаңадан жасап береміз деп, жобалық-сметалық құжатын жасаймыз деді. Соны мамыр айынан бастап жол салынады деді. Соған өте қуаныштымыз.

РКС: «Әкім бол, халыққа жақын бол» деген халық даналығы қашан да өміршең. Бүгінгі кездесуде облыс әкімінің жергілікті халық арасында сый-құрметке ие екені бірден байқалды. Әр тұрғынның мәселесін жеке қарап, оң шешімін табуға тырысқан басшының іс-әрекетіне деген ризашылық жиыннан тараған азаматтардың әрқайсысының жүзінен байқалып тұрды.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...
 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...