ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАРҚЫНДЫ ЕҢБЕК ИЕСІ

16:16, 11 тамыз 2017

Болат Сәрсенбаев 1961 жылы бүгінгі Елордада, кешегі Целиноград қаласында дүниеге келген.

Болат Сәрсенбаев 1961 жылы бүгінгі Елордада, кешегі Целиноград қаласында дүниеге келген. Бала кезінен үйлердің құрылысына қызығушылығы оянған.  Құрылысшы болуды армандаған.  Осы мамандыққа оқуға түсіп, кейін Алыс Шығыста әскери міндетін өтеп келген. Сол елде  екі жыл жүріп Болат бірнеше үйлердің құрылысына да араласқан. Осылайша, тас қалаушы мамандығының иесі атанған.  

Болат көптен бері бригадир қызметін абыроймен істеп келеді. Әріптестері оны әрдайым көмекке дайын адам екенін айтуда. Себебі, бұл қасиет құрылыс барысында аса қажет,-дейді олар. Әр бригада үлкен істі бірлесіп істейтін бір отбасы секілді.

Болат Сәрсенбаевты тек әріптестері ғана емес, сонымен қатар, басшылығы да сыйлайды. Кейіпкеріміз жұмыс істейтін фирма директоры, мұндай адамдар қазір аз екенін және әр ұжымға керек екенін айтуда. Сөзбен ғана емес, ісімен де көмекке даяр тәжірибелі тас қалаушының кеңесіне бәрі жүгінеді.

Бүгінгі күні Қазақстан біріңғай құрылыс алаңына айналған. Мемлекет беделін көтерер әлеуметтік маңыздағы нысандар қатары көбейіп келеді. Осының барлығы құрылыс жүргізетін адамдардың арқасында. Олар еліміздің әр тұрғыны үшін маңызды жұмысты атқарып келді. Мұндай іс әрі қарай да Қазақстан халқының әл-ауқаты үшін   өз жалғасын таппақ.  

Айгүл Бекетқызы, Юрий Обердиенко

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...