ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҚАРТ МАЙДАНГЕРДІҢ ЕСТЕЛІГІ

19:38, 6 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Петр Шаталов 17 жасында ұрыс даласына аттанған бозбала еді. Қазір ардагердің жасы 94-те. 1 дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.  «Ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» және басқа да медаль таққан. Соғыстан аяқ-қолы жараланып қайтса да, қазір майдангердің жағдайы тың.        

РКС:  Жерлес ардагер Петр Шаталов 1943 жылы майданға шақырту алады.   Ол қағазда 12 қараша күні Арықбалық селосындағы әскери комиссариатқа келу қажеттігі жазылған.  

СНХ: ПЁТР ШАТАЛОВ, МАЙДАНГЕР ///РУСС/ Шақырту келді. Өзіңмен бірге қасығың мен 10 күндік тамағың болуы қажет делінген. Ол кезде мен атам мен әжемнің қолында тұратынмын. Колхозда еңбек еттім. Бәріміздің сүйіктіміз болды. Ол кезде өте жас едік. Менің сүйіктім маған сені күтемін деп серт берді. Ұзақ қоштастық. Қайтып көрісеміз бе жоқ па кім білсін. 

РКС: Кіші сержанттың  курсын аяқтап, кейін минометші командирлерді дайындайтын әскери курстан білім алған. Иван Ухналь есімді командирдің қатаң тәртіпті жаттығулары  әлі есімде ,-дейді ардагер.

СНХ: ПЁТР ШАТАЛОВ, МАЙДАНГЕР ///РУСС// Қыс бойы  оқып дайындалдық, жаттықтық. Көктемде  Брянск қаласына,  майдан даласына жақынырақ қоныс аудардық. Ол жерде  не үй жоқ барлығы қирап қалған. Орманда палаткада тұрдық. Кіші сержант оқуын бітірдік. Сөйтіп жан –жаққа жіберді.  Польша жерінде майдан даласына жеткен соң сапқа тұрғызып, аға сержанттар бізді бөле бастады. Сол жерде мені минометші етіп белгіледі.   

РКС: 1944 жылдың 14 қазанында батареяның бақылау пунктінде Висла өзенінің жағасында шабуыл кезінде жаудың минасынан Петр Шаталов ауыр жарақан алған. Снаряд бөлшектерінен  майдангердің сол қолы мен оң аяғы жараланған.

СНХ: ПЁТР ШАТАЛОВ, МАЙДАНГЕР ///РУСС// 1 минаның салмағы 3 кг 100 грамм. Ұзынғы 82 мм болатын. Минометпен атқан кезде 3 шақырым қашықтыққа жететін. Менің өзім жаудың минасынан жарақат алғам. Висла өзенінің жағасында шабуылға шыққанымыз есімде. Шынымды айтсам, мен үшін ол қорқынышты болды. Себебі, жүзу де білмейтінмін. Қанша атсақ да Висланың арғы бетіне  шабуыл жасай алмадық. Артқа шегініңдер деген бұйрық келді. Кейін жер астын қазып,  окоп жасадық. Бір кезде төбеден атқан миналардың  дыбысы  шықты. Біз  дыбысынан мина мен снарядтарды ажырата алатынбыз. Сол кездегі жарылған минаның кесірі маған тиді. Қолым мен аяғымды жаралады.

РКС:Командир дереу госпитальға жеткізіліп, бірнеше рет ота жасалған. Кейін еліне қайтарылып, соғыс аяқталғанша  Алматыдағы емханада  қаралған. Жеңістің де жарияланғанын сол жерде естіген.  

СНХ: ПЁТР ШАТАЛОВ, МАЙДАНГЕР//Барлығы мәз-мейрам. Соғыстың біткеніне қуанышты, жылап та жатты. Кейін үйге оралдым.  Барлықтарыңызды 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймын. Соғыс болмасын. Бейбіт өмір сүріңіздер.  

РКС: Сол кезде соғысқа шығарып салған сүйіктісімен қауышып, кейін отбасын құрған. Жетпіс жыл   тату тәтті ғұмыр кешкен. 1 ұл 4 қыз тәрбиелеген.  

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...