ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҚАРТЫ БАР ҮЙ – ҚАЗЫНАЛЫ!

20:38, 9 қазан 2019

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясы  осыдан 29 жыл бұрын Халықаралық қарттар күнін белгілеген болатын. Ал, бұл айтулы мереке біздің елімізде бір күн ғана емес, бір ай бойы атап өтіледі. Осы ретте, өңір ардагерлерінің арман-тілегін бір қарияның бойынан танып білу мақсатында тыл еңбеккері Алтай Нұрқасымовтың шаңырағында болған тілшіміз Айгүл Бекетқызы сырлы сұхбатымен бөліспек.

1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты, бұрынғы Чкалов, қазіргі Тайынша ауданының Қарағаш ауылында дүниеге келген Алтай Нұрғасымов Атығай руының  Дәулетбек деген атасынан тараған. 10 жылдық мектепті күміс медальмен бітірген ардагер Омбының ауыл шаруашылығы институтына түскен. Оқуын ойдағыдай тәмамдаған, дипломын арқалаған жас маман тың жылдары Көкшетау аймағындағы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына келіп, аға агроном болып жұмысқа орналасқан. Міне, содан бері елдің ауыл шаруашылығы саласын  дамытуда өз үлесімді қосып келдім,-деп еске алады тыл еңбеккері.

АЛТАЙ НҰРҒАСЫМОВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

Жалпы алғанда бір аудаанда 42 жыл еңбек еттім. Құдайға шүкір еңбегімді ұмытқан жоқ.  Марапаттады, талай орден медальдар берді. Содан зейнеткерлікке шыққан кейін 5 жыл істеп, 2002 жылы Көкшетауға қоныс  аудардық. Осында келгеннен кейін ауыл шаруашылығы басқармасы ардагерлер ұйымына кіріп, соның мүшесі болғанмын. 2007 жылы сол ардагерлер ұйымының төрағасы етіп тағайындады. Міне 12-ші жыл сол ардагерлер ұйымын басқарып келемін.

Әке-шешеден ерте айырылған Алтай аға ата-әжесінің қолында өсіп-жетілген. 60-шы жылдардың басында құдай қосқан қосағы Райхан әжеймен отбасын құрып, 2 қыз, 3 ұлды тәрбиелеп өсірген. «Көрмеген рахатты осы бәйбішемнен көрдім»,-деп ағынан жарылған ардагер атамыз 60 жылға жуық бірге өмір сүрген шақта жұбайының бір қабақ шытпағанын айтуда. Ал, бұл берекеге толы шаңырақтың шайқалмауының сыры неде екенін білу үшін Райхан әжейден де сұхбат алуға бел будық.

 РАЙХАН НҰРҒАСЫМОВА, ЖҰБАЙЫ:

Қазіргі жастарды ол уақыттағылармен салыстыруға келмейді. Қазіргілер сіріңкенің басына от жаққандай лап ете түседі. Ал, біз ондай болған жоқпыз. Біз ол уақытта ұрыс дегенді білмейтінбіз, естімейтінбіз. Қазіргі айрылысып жатыр. Бізде ондай болған жоқ жастарға тек бірлік тілеймін. Бір-бірін сыйласын деймін. Үлкендерді құрметтесін.

Бүгінгі таңда, облыстық ардагерлер ұйымының құрамында:

111 мыңнан астам зейнеткер,

43 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер,

1000-ға барта соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер,

4845 тыл еңбеккерлері,

900 Ауған соғысына қатысқандар,

60 Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар бар.

Ал, өңірде осы асыл қазына қарияларымызды біріктіру үшін:

 849 бастауыш ардагерлер ұйымы,

2 қалалық және 17 аудандық ардагерлер кеңесі құрылған.

 

ҒОСМАН ТӨЛЕҒҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жыл бойы оларға қамқорлық, көмек көрсетіліп жатады. Бірақ, бұл айлықта бұл мәселені одан да тереңдетіп, барынша аға ұрпақ өкілдерін аялап, соларға бүкіл назарды аудару. Өйткені, олар бар өмірін осы қазіргі заманды орнату үшін сарп еткен. Денсаулығын, өмірін аямаған. Қазіргі ұрпақ енуді оларға жауап ретінде тек мейіріммен қарап, қамқорлық тудыру керек.

 Аға ұрпақтың арман-тілегін арқалаған 84 жастағы еңбек ардагері Алтай Нұрғасымов бүгінгі қариялардың қадіріне, ұрпақтар сабақтастығындағына бір мәрте тоқталды. 

АЛТАЙ НҰРҒАСЫМОВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

8 немере сүйіп отырмын. Биыл енді 84 ке аяқ бастым. Бірінші алла, сосын еңбегімнің арқасында. Адамды адам еткен еңбек дейдңі ғой. Сол еңбегімнің арқасында. Таза, адал жүріп. Атам айтушы еді. Кішіпейіл бол. Біреудің ала жібін аттама деп. Таза жүру керек. Біреуді ренжітпе. Әсіресе, аналарды ренжітпе деп.

70-ке жуық ардагердің басын қосып, төрағалық етіп жүрген Алтай аға егемендікке қол жеткен шақта жастардың білімді болуы аса мыңызды екенін айтады. Ал, сол ілімдерін еңбекте пайдалана отырып, елге адал қызмет етсе нұр үстіне нұр болар еді,- дейді жастарға үміт артқан ардагер.

НҰРАСЫЛ АЛТАЙ, НЕМЕРЕСІ:

Ата, апа мейрамыңызбен құттықтаймын! тақпақ айтады...

Авторы: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Ермек Махметов, Бауыржан Смағұл

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...