ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖАЛҒАСУДА

17:41, 20 наурыз 2020

 

ДИКТОР: Елдегі төтенше жағдайға байланысты барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Студенттер үйден шықпай-ақ «Zoom» ақпараттық бағдарламасы  арқылы оқытушылармен байланысқа шығуда. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде  5 мың студент қашықтықтан білім алып жатыр.

 

РКС: Қашықтықтан оқыту жүйесі жоғары оқу орны үшін жаңашылдық емес. «Сондықтан жаппай цифрлық жүйеге көшу қиындық тудырған жоқ»,–дейді мамандар. Сәйкесінше, техникалық жабдық та жаңа. Еске сала кетейік, 16 наурыздан бастап барлық студенттер үйлеріне қайтарылды. Оқу процесі қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Оқу процесі жоспар бойынша жүргізілуде.  

 

ЕСТШУМ (ОНЛАЙН САБАҚ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН КЕЗЕҢ )

 

СНХ:ЛӘЗЗАТ КӘРІМОВА, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ///РУСС//Қашықтықтан оқыту процесі білім сапасына еш әсерін тигізбейді. Барлығы тиісті деңгейде жүргізілуде.  Университетте өзіміздің ютуб каналымыз бар. Сол жерде оқытушылардың 200-ден астам дәрістері жазылған. Студенттердің сабаққа онлайн қатысуын тексеріп отырамыз. Ол үшін мониторинг жасалады.

 

СНХ: САҒЫНТАЙ   ЕЛУБАЕВ,  А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ПРЕЗИДЕНТІ ///ҚАЗ///2,05/// Бұл үрдіс бізге таңсық емес. Қашықтықтан оқыту университемізде енгізілген.+скл+Жатақханада қалған студент жоқ. Расписание бұрынғыдай жүргізілуде. Тіпті денешынықтыру пәні оқытушылары да үй жағдайында бой жазып түрлі жаттығу түрлерін жасауды үйретуде.   

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...