ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

18:34, 15 мамыр 2019

РКС: «Баршаға ортақ  игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу». Бұл Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы. Республикалық  қоғамдық штаб мүшелері теміржол саласында еңбектеніп жүрген мамандарға өз кандидаттарының сайлауалды тұғырнамасымен жақынырақ таныстырып, бағдарламаны халықтың жүрегіне жеткізуге тырысты.

СНХ: БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ/// Президенттікке кандидат Қасым-жомарт Тоқаевтың  ең басты ұстанымы бұл сабақтастық. Яғни, Елбасы бастаған жаңкғыртулар әрі қарай жалғасын табады. әр отандасымыздың жеке табысқа жетуіне және өзінің әл-ауқатын көтеруіне жаңа мүмкіндіктер туғызуға дайын.

РКС: Республикалық қоғамдық штабтың құрамында Ақмола облысының экс-әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Кулагин де бар. Ол Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуына сіңірген еңбегін паш етіп, оның Елбасының қолға алған бағытын әрі қарай тиімді жалғастыратынына сендірді. Сөйтіп, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміз сақталып, ұлттық қауіпсіздігіміз нығаяды, - дейді. Кездесуге қатысушылар сайлау қарсаңында Президенттікке үміткерлердің сайлауалды тұғырнамасымен жақынырақ танысудың маңызы зор екенін айтады.

СНХ: ГАУҺАР ИСКАКОВА, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ АҚМОЛА БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ   /// Республикалық қоғамдық штаб өкілдерімен кездесуден Президенттікке кандидат Қасымжомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алдық. Ол кісінің ел дамуына сіңірген еңбегіне қанықтық. Оның сайлау алдындағы маңызы зор деп ойлаймын. Жалпы, Президенттік сайлау біздің ел үшін айтулы оқиға.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ  КЕПІЛІ
18:41, 23 тамыз 2019
САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...