ШҰҒЫЛ! ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ

18:56, 18 ақпан 2020

Көкшетау қаласындағы барлық мектептер мен балабақшадағы қауіпсіздікті бұдан былай күзет фирмалары қадағалайтын болады. Яғни, оқушылар мен бүлдіршіндер, білім ошақтары мен балабақша ғимараттары енді тәулігіне 24 сағат арнайы фирма күзеті мамандарының  назарында болмақ.      

РКС: Көкшетаудағы 54 білім мен тәрбие ошақтарының бүгінге дейін 40-ы күзет фирмаларымен арнайы келісім-шартқа отырған. Қалалық білім бөліміне қарасты қалған 14 мекеме әлі келіссөздер жүргізуде. Олар ұйымдастыру жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтауы тиіс.   

СНХ: ӘЛИЯ ҚАРИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС ЭКОНОМИСТІ на русс./Бұл жұмыстар білім және ғылым, ішкі істер министрліктерінің бірлесіп жасаған бұйрықтарының негізінде атқарылып жатыр. Яғни, оқушылар мен балалардың қауіпсіздігін, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қажет. Бұған дейін болған күзетші, вахтерларды арнайы күзет фирмаларының мамандарына ауыстырып жатырмыз. / 

РКС: Облыс орталығындағы нөмірі 5-ші «Таңдау» мектеп гимназиясының қауіпсіздігін ақпан айының басынан бері күзет фирмасы бақылап отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен білім ошақтарын олар тәулігіне  24 сағат, үзіліссіз күзетеді.  

СНХ: НҰРТАС ҚҰЛАЖАНОВ, КҮЗЕТШІқаз./Бізде видеонаблюдение бар, қарап отырамыз. Ал келіп кеткен адамдарға пропуск жазып береміз. Мысалы ата-аналар келеді, приемныйға адамдар келеді. Егер мектеп ауласына бөтен адамдар кіретін болса, әрине оларға түсіндіріп айтып, шығарамыз./

РКС: Ал балабақшаларда бұған дейін күндізгі уақытта күзет мүлдем болмаған. Тәрбие мекемелері тек кешкі уақыттан таңертеңге дейін ғана күзетілетін. Енді мұндағы қауіпсіздікті де арнайы күзет фирмалары қадағалайды. Бұл жаңашылдықты ата-аналар жылы қабылдап отыр.  

СНХ: ОЛЬГА ПОНИТОВА, АТА-АНА на русс./Менің қызым 5 сыныпта оқиды. Балалардың қауіпсіздігі өте маңызды. Мектептерді күзет фирмаларының бақылауға алғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бұған дейін мектепте жасы үлкен әйел адам отырды. Енді арнайы форма киген, физиклық дайындықтан өткен күзетші отырады. Айырмашылық бар әрине./

РКС: Қалалық білім бөлімінің мамандары жеке меншік балабақшалар мен білім нысандары да алдағы уақытта күзет фирмаларының қызметіне ауысатындығын айтады.    

М.АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

20:09, 9 сәуір 2020
Ақмола облысында Covid-19 індетін жұқтырған тағы 13 дерек ті...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...