ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

«ҚАЗАҚСТАН ЭТНОСТАРЫНЫҢ АСПАЗДЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

14:27, 16 сәуір 2018

РКС: Аталмыш шара облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіби бағытталған орталығы жұмысының жоспары аясында өткізіліп отыр. Колледж базасында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталықтың мақсаты – оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, оқушыларға түрлі шеберлік сағаттарын, экскурсиялар ұйымдастыру болып табылады. Жыл сайын өткізілетін шара жастарға мамандық таңдауда үлкен септігін тигізеді. Алдағы уақытта тігін кәсіпорындарымен бірлескен шара өтеді, - дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: РУЗАННА ДЕГОЯН, АРМЯН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ ///(аударма) Мен қыз балаларға армян тағамдарын жасауды, үстелді әдемі безендіруді үйрету үшін келдім. Әрбір қыз бала мұны білуі керек. Мен қыздарға әр түрлі тағам жасауды үйреткім келеді, өйткені бұл өте қызық қой. Өзге елдердің тілін білумен қатар, армян, поляк, басқа да ұлттардың асханасының тағамдарын дайындай білу жақсы. Әйел затының асханада жүруінің өзі керемет. Мен бұл колледждегі шеберлік сағаттарына бірнеше жыл қатарынан қуана-қуана келіп жүрмін. Алдағы уақытта да осындай іс-шараларға белсене қатысатын боламыз.

РКС: Шара барысында ас әзірлеуде ескеретін талап-шарттарды Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова таныстырып, келген қонақтар жастарға түрлі тағам әзірлеуді үйретті. Мектеп оқушылары шараға белсене қатысып, қонақтардан қажетті кеңестер алды. Оқушылардың бірі көргенін қағаз бетіне түсірсе, енді бірі келген аспаздардың әр ісін бақылап тұрды.

СНХ: ДИАС СЕРІКОВ, 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ///(аударма) Бүгінгі шеберлік сағаты мен №1 құрылыс-техникалық колледжі өте қатты ұнады. Бұл колледжде көп нәрсеге үйренуге болады. Мен көптеген мамандықтарды көріп, таныстым. Әр мамандық өзінше өте қызықты. Ендігі жерде біз болашақ мамандығымызды, қай оқу орнына түсетінімізді таңдай алатын боламыз.   

РКС: Шеберлік сағаты мектеп оқушыларына түрлі ұлттың тағам түрлерін үйретуде игі бастамалардың бірі болып отыр. Білім ордасының оқытушылары мұндай іс-шаралар балалардың өзге де халықтардың  ұлттық тағамын дайындаудағы шеберлігі мен тәжірибесін арттыра түсетінін жеткізді.

АЙЖАН АҚТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
15:12, 18 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
15:12, 18 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
15:12, 18 қазан 2018
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
17:58, 12 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
Толығырақ...