ШҰҒЫЛ! АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ ЖЕТТІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

18:25, 23 қазан 2020

ДИКТОР: Ақмола өңірін 100-ден астам этнос өкілі мекен етуде. Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған өңірге келетін делегацияның да қарасы қалың. Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич Көкшетауға ресми емес сапармен келді. Мейман Ақмола облысының этно-мәдение бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.

РКС: Қадірлі қонақты Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының өкілдері қарсы алды. Селим Хазбиевич этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне поляк халқының тарту-таралығысын табыс етті. Ол халықтар достығы  бейбітшіліктің, келісім мен әріптестіктің алтын көпірі екенін атап өтті.

СНХ: СЕЛИМ ХАЗБИЕВИЧ, ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ//рус// Мәдениетті дамыту керек. Қазақстан халқы Ассамблеясына келсек,  Польша мемлекеті қатты бағалайды. Бұл ішкі саясаттың жарқын    мысалы. Біз Таулы Қарабақта қандай жағдай болып жатқанынан хабардармыз. Халықтар арасындағы алауыздықтың неге әкеліп соқтыратынын көреміз. Қазақстанның ішкі саясатындағы достықтың осы озық үлгісі Орталық Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де маңызды.

РКС: Сапар барысында мейманға Достық үйінде атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілді. Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысқан елші қазақ халқының сусыны – қымыздан дәм татты.  

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///Поляк Республикасының елшісі Селим Хазбиевич мырза келіп,+скл+біздегі этносаралық жағдайды толық көріп шықты. Өзінің ризашылығын білдіріп жатыр. Поляк этномәдени орталығының мүшелеріне деп арнап, қазіргі пандеменияға байланысты көмек әкеліп отыр. Бұл енді біздің  Қазақстандағы этносаралық жағдайды, халықтардың аралығындағы достықты көрсететін үлкен іс-шара деп ойлаймын.

РКС:Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің жетістіктері де  көрсетілді. Сондай-ақ, екі ел арасында мәдени байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту тұрғысындағы болашақ жоспарлар да талқыланды.

ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19:  ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:11, 3 желтоқсан 2020
COVID-19: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
14:10, 30 қараша 2020
БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
Толығырақ...
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
15:37, 30 қараша 2020
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбын...
Толығырақ...