ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ

16:26, 15 қараша 2019


«100 жаңа есім: табысты қазақстандықтардың тарихы» жобасының үшінші маусымының халықтық дауыс беруі 20 қарашада аяқталады. Қазіргі таңда республика бойынша 1665 адам қатысуда. Олар 39 жасқа дейінгі әр түрлі саладағы азаматтар. Барлығы да тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жас әрі өршіл жандар. Жобаға Ақмола облысынан 70 адам қатысып жатыр. Солардың бірі – көпсалалы облыстық аурухананың кардиохирургы Нұрлан Мінайдаров.

Алты баланың әкесі, білікті маман, сонымен қатар, тәжірибелі дәрігер-кардиохирург Нұрлан Мінайдаров – «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы. Медицина саласындағы алғашқы қадамдарын 18 жасында оқуын қатар алып жүріп, астаналық ауруханада санитар болып бастаған. Интернатурадан бөлек, Петропавл қаласындағы жедел жәрдем станциясында қызмет етеді. Дәрігердің жалпы еңбек өтілі 12 жылды құрайды. 2012 жылдан бастап Нұрлан Сәбитұлы кардиохирургия бөлімін басқарып келеді. 2007 жылы жас дәрігер литвалық Каунас қаласынан кардиохирургия саласы бойынша оқу оқып келді.

НҰРЛАН  МІНАЙДАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ  КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Егер хирургия туралы айтатын болсақ, ең күрделісі әрине, кардиохирургия. Біздің ұстаз Сейітхан Шұбайұлы айтпақшы, кардиохирургия дегеніміз космонавтика. Мұнда бәрін білу керек. Теорияны да, отаны қалай жасау керектігін де, науқасты қалай жүргізу керектігін де.

Талантты кардиохирургтың қолымен 2 мыңға жуық ота, жылына 150-ден астам аорто-коронарлық әдіспен операция жасалды. Гиппократқа ант берген дәрігерлер үшін науқастардың ризашылығынан асқан бақыт жоқ,-дейді дәрігердің өзі.

ҚОШАН МӘЖЕНОВ, ЕМДЕЛУШІ

Отадан кейін 2 айдан астам уақыт өтті. Мен оңалту жағдайындамын. Нұрлан Сәбитұлы мен барлық ұжымға үлкен алғысымды білдіремін. Егер ол болмаса, мен дәл қазір сіздердің алдарыңызда тұрмас едім.

 «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы Нұрлан Сәбитұлының қарауында мұндай алғысын білдіруші науқастар жетерлік.

 «Ол үздік кардиохирург. Мен оны өз тәжірибемнен білемін. Ол менің ұлымды аман алып қалды. Бізбен 2012 жылдан бері үнемі байланыста.

Нұрлан Сәбитұлына басымды иіп тұрып, рахмет айтамын.  Ол шынымен ең жақсы дәрігер. Мамыр айында менің әкеме ота жасады.

Керемет дәрігер деп айта аламын. Оның қолдары алтын, жүрегі сондай мейірімді. Осы жылдың көктемінде әкемнің өмірін сақтап қалды.»

 «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы Нұрлан Сәбитұлы 2018 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Нұрлан Мінайдаров еуропалық кардио-торакальды хирургтар қауымдастығының мүшесі болып табылады. 2019 жылдың үздік дәрігері. Айта кетейік, 1957 жылдан 2007 жылға дейін, яғни 50 жыл ішінде барлығы 400 кардио-ота жасалған. Ал, қазіргі таңда Қазақстан бойынша бұл көрсеткіштер бір жыл ішінде орындалады.  

АЙЖАН АҚТАЕВА, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
17:59, 5 желтоқсан 2019
«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
16:00, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:23, 29 қараша 2019
ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
16:25, 29 қараша 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Толығырақ...