ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

«ҚАЗПОШТА» ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР ӘЗІРЛЕУДЕ

17:42, 15 қазан 2020

ДИКТОР: «Қазпошта» ұлттық желісі халыққа қызмет көрсету орталығы жоқ  елді мекендерде  мемлекеттік қызмет түрін ұсынбақ.  Қазір осы мәселе Министрлікте қаралуда.  Компания есеп айырысуды цифрлық жүйеге ауыстырмақ. Акционерлік қоғам  өкілдерімен жүздескен облыс әкімі олардың бұл бастамаларын қолдайтындығын жеткізді.

РКС:  Қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу, жылдам төлем жасау,  қолжетімді қызмет Қазпошта арқылы жүзеге асырылатын. Енді аталған қызметтердің барлығын  цифрлық жүйе арқылы, яғни онлайн түрде алуға мүмкіндік туады.

СНХ: ҚАНАТ АЛПЫСБАЕВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ  БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ//РУС/ Біз қазір тиісті жұмыстарды бірлесіп атқаруға арналған бағдарламаларды әзірлеудеміз. Әлеуметтік карта  есебінен қазір бірнеше облыстарда сынап көрудеміз.  Соның арқасында жергілікті атқарушы билік барлық бюджеттің бөлінуін  бақылай алады. Бұл дәл қазір қажет дүние. Қазір ауданда да, ауылда да ғаламтор бар. Сондықтан біз  қолма-қол ақшасыз төлем жасауды енгізуге әзірміз.//

РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев пилоттық жоба ретінде алғашқы тәжірибені Атбасар ауданында байқап көруге ұсыныс жасады. Бағдарлама өз тиімділігін көрсетсе, келер жылы оны жүзеге асыруға болады. Аймақ басшысы аудандар мен елді мекендерде тиісті жұмысты үйлестіретін  облыс деңгейіндегі  департамент құру қажеттігін айтты.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ,   АҚМОЛА   ОБЛЫСЫНЫҢ   ӘКІМІ///

//РУСС///файл 863 2912, 00,29/// Бұл жақсы бастама. Оны бәрі қолдайтыны анық. Қазір сандық жүйеге көшетін заман. Сондықтан осындай бастамамен келгендеріңіз  қуантады.  Басымдық ауылдарға беріледі. Сондықтан құжат жоба ретінде қалып қоймасы үшін «Жол  картасын»  әзірлейік.///

РКС: Осылайша облыс әкімі «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Жалпы,  «Қазпошта» қызметі өзінің тұрақтылығын көрсетті. Десе де, қызмет көрсетуді жеделдетуде цифрлық жүйе таптырмас амал болмақ.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  САНИЯ КОПЖАСАРОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...