ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ

19:26, 7 ақпан 2019

РКС:  Он жылға жуық бөтен ел­дің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шек­теулі контингент әскерлері құра­мында Қазақстаннан 22 мың  жауын­гер интерна­цио­нал­дық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапса, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Ал, Ақмола өңірінен 1113 жауынгер қатысып, өкінішке орай 61 адам майданда ерлікпен өмірімен қоштасса, 3 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бүгінгі күні өңір бойынша 768 ауған ардагері бар, ал облыс орталығында  235 жауынгерден 191 адам қалған.  

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ////Бұл іс-шаралардың барлығы жастарға керек дүние. Тарихқа көз жүгіртіп, Ауған ардагерлерінің ерлігінен үлгі алатын болса батырлық ізі үзілмес еді. Бүгінгі таңда ардагерлеріміз ұлықталып жатыр, 30 жыл қарсаңында жауынгерлерге 40 мрп көлемінде жәрдемақы берілетін болып шешілді. Биыл біз 13-ші ақпан күні аудандардың төрағаларымен бірге облыс орталығында ауқымды іс-шара ұйымдастыратын боламыз.   

РКС: Өткен жылдың қорытындысына сәйкес жоспарланған барлық іс-шаралар түгелімен қамтылған. Қазіргі таңда қолға алынып жатқан ауқымды шараларға тоқтала кетсек, мектептерде «Батырлық» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен ашық сабақтар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанының 30 жылдығы қарсаңында тарихи-өлкетану мұражайында көрме ұйымдастырылуда. 

СНХ: ЖАНАТ ЕРЕЖЕПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ////Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарымыз ұмытылмайды, әркез есімізде. Ал, ортамызда жүрген ардагерлерге облыс әкімі тарапынан, қала әкімінің қолдауымен көмектер көрсетіліп келеді. Бұл жұмыстардың барлығының көздеген мақсаты жастарға патриоттық тәлім- тәрбие беру.

РКС: Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің,  «Нұр Отан» партиясы фииалымен қатар, өңірлік ішкі саясат басқармасының қолдауымен Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің ерлігінен сыр шертетін «На той войне незнаменитой» атты кітаптың 500 данасы жарық көрді. Құнды жәдігер мектеп кітапханаларының сөрелерінен лайықты орын алатын болады. Уақыт сырғығанымен, ерлік ұмытылмай ұлықталады.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...