ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫН АЛАҢДАТАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛЕДІ

18:59, 14 наурыз 2019

РКС: Сандуғаш Баталованың екі баласы бар. Біреуі кішкентайынан мүгедек. Даун синдромымен ауырады. Сондықтан өзі жұмыс істемейді. Уақытша тұрғын үйді жалдап тұрады. Тоғыз жылдан бері үй кезегінде тұр. Енді сырқат баласына ота жасау үшін Астанаға баруы керек.

СНХ: САНДУҒАШ   БАТАЛОВА, ЗАСТАНЦИОННЫЙ   КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ/// Мен мұнда  квота жайында сұрауға келдім. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарына өз мәселемді айттым. Олар көмектесуге уәде етті. Баламның жағдайы қиын. Жол көтере алмайды. Жүрегі нашар. Одан бөлек баспана да – бас қайғым. Өткен жылы уақытша тұрғын үйіміз  су  астында қалып, біраз қиналдық.

РКС: Көшпелі қабылдауға Сандуғаш сияқты баспана жайын сұрап, атаулы әлеуметтік көмекті қайтіп аламыз деп келгендердің қатары  көп. Олардың бәрі қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова мен облыстық мәслихат депутаттарына келді. Сондай-ақ мұнда үкіметтік емес ұйымдар, кризистік орталықтар, сот, білім беру саласының, денсаулық сақтау басқармасының   қызметкерлері де болды.

СНХ:  АЙСҰЛУ   ЖҰМАТОВА, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ///

РКС: Осылайша, тұрғындарға  құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында өткен «Ашық есік» күнінде Застанционный елдімекенінің тұрғындары көкейде жүрген  көп  сауалға  жауап  алды. Енді тек құр уәде қылмай, іс  жүзінде  орындалса  игі.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...