КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУДЫҢ ОҢ ҚАДАМДАРЫ

Бүгінде «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» бағдарламасында атап көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, білікті кадрлармен қамту мәселелеріне ерекше басымдық берілген.

17:36, 11 тамыз 2017   115

Бүгінде «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» бағдарламасында атап көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, білікті кадрлармен қамту мәселелеріне ерекше басымдық берілген. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, мемлекеттік қызмет беделінің артуына оң ықпал етіп отыр.

Өткен 2016-шы жылдың 1 қаңтарында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданып, жаңа Әдеп Кодексі күшіне енді. Мұндағы негізгі мақсат – кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағатталған. Бүгінде аймақтағы 705 мемлекеттік органда 6 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Баспасөз мәслихаты барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға қатысты бірінші институционалды реформаны жүзеге асыру және мемлекеттік қызмет саласында бақылау жүргізу тұрғысында сауалдар жолдап, тұшымды жауап алды.    

Ерболат Серікбай

 

 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75