ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

КӘСІБІНІҢ НӘСІБІН КӨРІП ОТЫРҒАНДАР

18:45, 20 қараша 2020

ДИКТОР: Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау, халықты жұмыспен қамту –  өмір сапасын жақсартудың негізгі бағыттары.  Осы орайда Ақмола облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен аудан орталықтарында да кәсіпкерліктің жаңа нысандары ашылуда.

РКС: Жадыра Рахаева 25 жасында бизнестің алғашқы әліппесін үйреніп, өз кәсібін ашты.  Жобаны қаржыландыру «Еңбек» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан. Бүгінде бизнес-леди Зеренді ауданында шағын хостелдің иесі.  

СНХ: ЖАДЫРА РАХАЕВА, КӘСІПКЕР ///аударма/// Бұл идея Көкшетаудағы хостелді көргенде пайда болды. Ол өте үлкен еді, ондай хостел ашуға қаражатым жетпейтінін түсіндім. Бірақ, соған ұқсас етіп,  шағындауын ашпасқа деп ойладым. Сөйтіп, Зерендіде ашамын деп шештім. Бірақ, мұнда да қажетті қаражат жетпей, әкімдіктің көмегіне жүгіндім. Олар маған көмектесті. 550 мың теңге алдық. Бірден жабдықтарды сатып алып, жұмысымызды бастап кеттік.

РКС: Хостелге келушілердің негізгі бөлігі – жұмысшылар мен арнайы қызметте еңбек ететіндер. Бағасы бір адамға тәулігіне 2000 теңге. Кәсіпкер бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде хостелдің жанында монша жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, биыл Зерендіде маникюр салоны да ашылды.

СНХ: АЛЕКСАНДРА БЕЛОСЛУЦЕВА, КӘСІПКЕР ///аударма/// Менде тек маникюр кабинеті болды. Оның арнайы оқуын аяқтадым, маған ұнады. Жеке кәсіпкерлік ашу туралы біраз мағлұмат алдым. Сондай-ақ, психология курсы ұнады. Сенімді болуға үйретеді. Клиенттермен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндіреді.

РКС: Александра оқуын аяқтаған соң, грантқа ие болды. Бөлінген қаражатқа жаңа жабдықтар сатып алды. Кәсіпкердің айтуынша, бұл оған қызмет көрсету аясын кеңейтуге әрі сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Салонда қосымша жұмыс орындарын ашу да жоспарда бар. Бірақ, өкінішке қарай карантин кезінде мұнда тек 2 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында аудан бойынша сұранысқа ие мамандарды оқыту курстары жүргізілуде.

СНХ: АСАН СМАТОВ, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///аударма/// «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқыту бойынша 47 адам оқуын аяқтады. Бұл бізде тігін ісінің шеберлері, қазандық қондырғыларының машинистері мен механизаторлар. Сондай-ақ, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысты да жобалар жүзеге асырылуда.

СНХ: РАСУЛ ӘБІЛМАНОВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ ///аударма/// Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша оқуды аяқтадым. 3 ай оқытты. Енді емтихан тапсырайын деп жатырмыз. Мен тракторшы мамандығына оқыдым.

РКС: Бағдарлама қатысушыларына оқуды аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды. Олар түрлі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті. Ондағы жарақаттардың алдын алу мақсатында әрбір қатысушы тәжірибеден өту мерзімі аяқталғаннан кейін емтихан  тапсырады. Сондай-ақ, ең үздіктері кәсіпорындар атынан жеке грамоталармен марапатталды.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АБАЙ КӘКІМБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар