ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

КӘСІП ТҮБІ – НӘСІП!

15:05, 13 маусым 2018

ДК: Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында қолға алынған Елбасының «Бес бастамасы» елдің игілігі үшін жасалған оптимистік жоба. Әсіресе, төртінші бастамада өзін-өзі еңбекпен қамтығандар мен жұмыссыздар арасында  жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын несие беруді көбейту қажеттігі айтылады. Ақмола облысы бойынша бұл бағытта жұмыстар белсенді қолға алынуда. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында қолға алынған «Бастау» жобасы өңірде сәтті жүзеге асырылуда.

РКС: Елбасы «Бастау» жобасы бойынша білім алғандардың ішінде өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмағанын ескере отыра, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Сондықтан «Бастау» жобасына қатысушылардың саны да артып келеді. Мәселен, өткен жылы аталмыш жобаға Ақмола облысының 5 ауданы қатысса, биыл  барлық аудан тұрғындары қамтылмақ.

СНХ: ИЛЬЯ КАПУСТИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР///аударма///«Бастау» жобасы туралы мен өзімнің танысымнан естіп, білдім. Бұған дейін мен мемлекеттік бағдарламаларға қатты назар аудармайтынмын. Қажеті жоқ деп ойладым. Алайда, жеке іспен айналыса келе, оны әрі қарай дамытып, табысты болу үшін бизнес туралы білімнің өте қажет екенін түсіндім. Сондықтан, аталмыш жоба жайлы естісімен, оған қатысуға бел будым. Сөйтіп, оқу курсына қатысып, бизнесті сәтті жүргізудің қыр-сырымен таныса бастадым. ////

РКС: «Бастау» жобасына әсіресе, зеренділіктер белсенділік танытуда. Өткен жылы жобаға 192 зеренділік қатысып, арнайы оқыту курстарынан өтсе, оның 50 шақтысы жеке ісін дамытуға несие алды. Елбасының бес игі бастамасын жүзеге асыру аясында биыл несие алушылардың саны біршама артады. 

СНХ: ЕРЖАН МӘЛҒАЖДАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЗЕРЕНДІ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///Жобаға қатысушылардың 20 пайызы қаржыландыруға қажет құжаттарын жинап қойды. негізінен олар қаржылай қолдау қоры арқылы несие алады. Аудан кәсіпкерлерінің 90 пайызы осы қаржы институтымен жұмыс істейді десем қателеспеспін. Сонымен қазірде кепілдігі жоқ болса да, кәсіппен айналысуға бел буған 24 адам бар. Біз оларға грант бөлу арқылы көмек көрсетуді ойлап отырмыз. Бұл грант қаржысы қайтаруды қажет етпейді. Бағдарламаға сәйкес грантқа ілінген адамға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек көрсетілуі мүмкін.  ///

РКС: Грантқа қатысушылардың ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатындар басым, сонымен қатар жылыжай шаруашылығы, үйрек-қаз өсірумен айналысқысы келетіндер де бар. Қызмет көрсету саласында арнайы бизнес-жоспар дайындағандар жобаға қатысушылардың 40 пайызын құрайды.

Бибінұр Әмірханқызы, Бауыржан Смағұлов Көкше ақпарат

 

Тақырып бойынша материалдар

 «THE NOMADS» КОМПАНИЯСЫ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІНЕН РЕАЛИТИ-ШОУ ТҮСІРДІ
15:02, 25 қыркүйек 2018
«THE NOMADS» КОМПАНИЯСЫ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІНЕН РЕАЛИТИ-ШОУ ТҮ...
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. ӨҢІРДЕ 117 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
15:02, 25 қыркүйек 2018
«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. ӨҢІРДЕ 117 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар