ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

КӘСІП ТҮБІ – НӘСІП!

18:43, 25 қыркүйек 2018

РКС:  Красный Яр селосындағы №3 агротехникалық колледжінің іргесі 1939 жылы қаланып,содан бері ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауда. Биыл оқу ордасы үшін қуанышты әрі несібелі жыл болды. Себебі, жер анаға еккен көкөністер бітік шығып, өз жемісін өткен жылға қарағанда екі есе артық берді.

ИНФОГРАФИКА:

Мәселен, колледж ұжымы 132 гектар жерден 100 тоннаға жуық бидай өнімін алса, картоп 30 тонна,ал көкөністердің ішінен қияр 80 кг, қызанақ 100 кг жуық. Ал, пияз 74 кг.

РКС: Мұның барлығы студенттердің үш мезгіл тамағына жұмсалмақ.

СНХ: ОРАЛ САҚТАҒАНОВ, АҒА ШЕБЕР  // Мына біз 132 гектар бидай өсіргенбіз міне соны орып,қырманға әкеліп жатырмыз.Қырманда міне тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, балалар мен оқытушылар.

СНХ: ОЛЬГА БАГУСОВА, ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ШЕБЕРІ / Біз 5 гектар жерге картоп өнімін отрығызып,жемісін алып,сұрыптап жатырмыз. 30 тоннаға жуық картоп алдық. Студенттер тәжірибеден өтіп жатыр.Сонымен қатар,қызылша,сәбіз,қырыққабат,қызанақ көкөністерін жинаудамыз.

РКС: Кәсіптік білімнің  нәсібін табудың төте жолын түсінген Александр   фермер шаруашылығы мамандығын игеруде. Техниканың тілін бес саусақтай  біледі. Биыл Астана қаласына өз  мамандығы бойынша байқауға аттанбақ.

СНХ: АЛЕКСАНДР САВЕЛЬЕВ, СТУДЕНТ // Агротехникалық байқауларға қатысып,алғашқы орындардан көріндім.Оқытушыларыма айтар алғысым ұшан-теңіз. Дәл қазір Астана қаласында өтетін «WorldSkils» ұлттық чемпионатына дайындық үстіндемін.

РКС: Колледж директоры Сайран Сейітқалиеваның айтуына қарағанда, «Фермер шаруашылығы» өзге мамандықтар тәрізді бұл  салаға даярланатын кадрлар да жан-жақты білім алады. Олар ауыл шаруашылығы  өндірісінің тракторшы-машинисі, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларды реттеуші, слесарь-жөндеуші, оның үстіне «В, С» санатындағы автокөлік жүр­гі­зушісі болып шығады. Яғни тек механизатор емес, ауыл ша­руа­шылығына қажетті әлде­неше мамандықтарды игереді,- дейді.

СНХ: САЙРАН СЕЙІТҚАЛИЕВА, №3 АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ // Бізде шаруашылықта қазір егін жинау науқаны жүруде. Бидай мен картоп жиналуда. Оған 1-1-ші, 2-ші курс студенттері жұмылдырылып, өндіріс шеберлерімен бірге егін жинауда. Көкөністер, қызылша, сәбіздер сұрыпталып жатыр.  

РКС: Егін егумен, көкөніс өсіруден бөлек шопан ата түлігін асырау, қоян мен құс өсіру студенттердің күнтізбелік жоспарына енгендей. Себебі, колледж белді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен бас біріктіріп,студентердің білімін тәжірибелік жүйеде дамытуды жолға қойған.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...