ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

КӘСІПКЕР ӨЗІНЕ ТИЕСІЛІ ЖЕРІН ДАУЛАП ЖҮР

19:57, 16 қыркүйек 2020

 

ДК: Көкшетаудың қақ ортасындағы ұлтарақтай жерін даулап жүрген кәсіпкердің арызы ашық отырыста талқыланды. Қала әкімдігі жерімді тартып алғаны аздай, салынатын құрылыс жобасының жоспарын да бекітіп бермей отыр, - дейді Төлеген Исанов.

РКС: Қала әкімдігі мен кәсіпкер таласып жатқан 6 сотық жер телімі қаланың қақ ортасында орналасқан. Төлеген Исанов бұл жерді өткен жылы сатып алған. Бір қызығы қала әкімдігі иесі бар жерге үш жыл бұрын еш құжатсыз балаларға арналған футбол алаңын салған екен. Содан бері өз жерін қайтара алмай жүрген кәсіпкер сотқа да жүгінген.

СНХ: ТӨЛЕГЕН ИСАНОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: //аударма// Жер телімін былтыр 6-шы қыркүйекте сатып алғам. Содан бері жобалық жоспарын келісе алмай жүрміз. Әкімдікке 10 рет өтінім бердік, 10 рет бас тартты. 2 рет сотқа беріп жеңіп шығып отырмыз. Облыстық сот футбол алаңын басқа жерге көшіру туралы шешім де шығарған. 

РКС: Төлеген Исанов бұл жерге 15-20 пәтерлі шағын тұрғын үй құрылысын салмақ. Тіпті футбол алаңын өз қаражатына жақын маңайға көшіруді де ұсынған. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жер дауына қатысты ашық отырыс өтті. Ең алдымен, кәсіпкерге 10 рет бас тарту хатын жолдаған қаланың бас сәулетшісінің мәселесі қаралды. Оның әрекетін облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  департаменті де қолдап отырған жоқ.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: //аударма// Қаланың бас сәулетшісі 10 рет бас тартса да, сонша рет ол өзіне тиісті жазасын алды. Кеше ғана әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен оған қызметтік жаза тағайындалды.

РКС: Ал кәсіпкердің жеріне рұқсатсыз футбол алаңын салған әкімдік өз әрекетін былай түсіндіруде.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: //аударма// Бұл жер 2006 жылы жекеменшік иелігіне өткен. 14 жыл бойы бұл жерге Исановқа дейінгі екі иесі де үй салмаған. Өйткені, біріншіден тұрғындар қарсы, екіншіден, нысан құрылысы норма талаптарына сай келмейді. Ал біз футбол алаңын салған кезде алдыңғы қожайындары тарапынан қарсылық болған емес. Яғни, бізге ешкім ресми хат жолдаған жоқ.

РКС: Енді әкімдік кәсіпкерге қаланың басқа аумағынан жер телімін ұсынып отыр.  Ол үшін алдымен, тұрғын үйді салудың техникалық мүмкіндігі жайлы құрылыс және жер ресурстары жөніндегі қос комитеттің негіздемесін күту қажет.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...