ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АРЫЗЫ КӨБЕЙДІ

18:43, 10 қазан 2019

Бүгінде жер қатынастары саласындағы кәсіпкерлер мәселесі өзектілердің қатарында. Бұл туралы кәсіпкерлер құқығын қорғайтын кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. Отырысқа прокуратура, ішкі істер басқармасы мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер арасындағы дауды сарапқа салды.

Күн тәртібінде 2017 жылы тұрғын-үй құрылысын бастаған бірнеше көпқабатты үйлердің бұзылу мәселесі қаралды. Бүгінде «Әлиев» жеке кәсіпкерлігіне 5-ші қабатқа дейін көтерген үй құрылысын бұзу туралы қаулы шығарылған. Бірақ, бұл процесс құрылысқа қарағанда әлдеқайда қиын,-дейді кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Себебі, сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заң шеңберінде алып тастау үшін стилизация бойынша жобаны қайта жасау қажет. Ал бұл – жоба құнының шамамен 30%-ын құрайды.

ВАЛЕНТИНА ГЕРАЩЕНКО, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Жер телімдері кәсіпкерлерге 48-баптың бұзылуы арқылы берілгендігі анықталып отыр. Яғни, аукционда сатылмаған. Бірақ, лауазымды тұлғалардың мұндай әрекеттері кәсіпкерлерге әсер етуде. Жергілікті атқарушы органдар өз кінәсін мойындағанымен, барлық материалдық және моральдық шығындарды кәсіпкерлер көтеруде.

Кеңестің бұл жолғы отырысында бизнес өкілдері көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін ашып айтты. Өз кезегінде, прокуратура өкілдері де заң бұзушылықтардың орын алып жатқандығын тілге тиек етті. Мәселен, тексеріс барысында өткен жылдан бері көпқабатты 24 үй заңсыз салынған. Сондай-ақ, 2017 жылдың соңында қала бойынша  заңсыз берілген 370 жер телімі анықталған. Республика бойынша заңды белшесінен басқан 3,5 мың жер телімі бар көрінеді. Нәтижесінде, бүгінгі күні прокуратура органдары жер телімдерін аукциондар арқылы беруге қол жеткізіп отыр. Тіпті, бюджет те толыға бастаған.

ҚУАНЫШ ӘМІРАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

2017 жылдың соңында біз үлкен жұмыс атқардық. Нәтижесінде, сауда-саттықсыз жер телімдерін беру фактілері анықталды. Нысандардың құрылысы уәкілетті органдардың келісімінсіз жүзеге асырылған.

Жиын соңында кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдарға осы жер телімдерін алып қоюдың орнына, кәсіпкерлерге оны аукцион арқылы сатып алуға мүмкіндік беруді ұсынды. Алайда, соңғы аукцион ағымдағы жылдың шілде айында өткізілген. Сол сатылым кезінде екі кәсіпкер бұрын алынған жер телімдерін сатып ала алған. Осылайша, олар бұзылған құқығын жойып отыр.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...