ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАСТЫ НАЗАРДА

18:20, 12 мамыр 2020

ДК: Кәсіпкерлікті қолдау басты назарда болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде осылай деді. Соған байланысты ел басшысы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнес үшін арнайы шаралар қарастыруды тапсырды.

РКС: Шағын және орта бизнес – ел экономикасының тірегі. Бұл бағытты дамыту арқылы мемлекет дамуына ықпал етуге болатынын Мемлекет басшысы әрдайым айтып келеді. Төтенше жағдай мерзімі әсіресе, кәсіпкерлерге ауыр тигені анық. Әлем бойынша 400 миллионнан астам кәсіпорын банкроттың алдында тұр. Біздің елде бұған жол берілмеуі қажет – деді Президент.  

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (ТАЙМ-ТИТР): //қаз// Микро және шағын кәсіпкерлік саласына да ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл сала өкілдеріне банктердің стандартты өнімдерін пайдалану үшін қатаң шектеу қойылып отыр. Осыған байланысты «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнес үшін арнайы шаралар қарастыруды тапсырамын. Үкімет пен «Атамекен» бұған бөлінетін қаражат көлемін айқындауға тиіс. Банктер мен басқа да қаржы ұйымдары бірқатар салаға қатысты несиені қайтару мерзімін шегерді. Жеңілдік берілген мұндай салалардың тізімі кеңейтіледі. Бұл – бизнесті қолдаудың тағы бір нақты шарасы.

РКС: Ақмола аймағында бүгінде 44 мыңнан астам шағын және орта кәсіп субъектісі бар. Төтенше жағдай режимі біразының табысын тарылтып, кәсібіне кесірін тигізгені анық. Президенттің бизнес өкілдеріне қатысты айтқан мәлімдемесі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: //аударма// Президент өз мәлімдемесінде кәсіпкерлердің несиелерін кейінге шегеруге мүмкіндік беруде. Және бизнестің көп күткен қолдауын жасамақ. Ол – төтенше жағдай режимін форс-мажор ретінде мойындау. Осылайша, сотқа жүгінген кәсіп иесіне жақсы демеу көрсетілмек.

РКС: Төтенше жағдай кезінде

Республика бойынша 700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылды. Ақмола өңірінде де кәсіпкерлер несиесін шегеру арқылы демеу көрсету назардан тыс қалмады.

СНХ: ГҮЛНӘР ОМАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ //аударма// 4 мамырдағы мәлімет бойынша екінші деңгейдегі банктердегі несиесін шегеру туралы 95 мың 700 өтінім түсті. Оның ішінде 94 мың 800-і жеке тұлға, 868-і шағын және орта кәсіп иелері.

РКС: Нәтижесінде 763 кәсіп иесінің несиелік шегерім жасауға берген өтінімі  мақұлданып, 7 миллиардтан астам сомаға жеңілдік жасалған.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...