ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

18:43, 3 желтоқсан 2020

ДИКТОР: «Сенім» салалық кәсіподақ ұйымы азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді. Бүгінде осы мақсатта облыс бойынша медициналық мекемелерде қызмет етіп, коронавирустық инфекциядан қайтыс болған мамандардың отбасыларына 1 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

РКС: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкеріне 2 млн, ал КОВИД-19 вирусынан қайтыс болған медқызметкерлердің отбасына – 10 млн теңге өтемақы төленеді. Бірақ, медициналық мекемелерде қызмет етіп, бұл санатқа кіре алмай қалған басқа да мамандар бар.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, «СЕНІМ» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ///қаз/// 03:25 біздің 4 кісі бұл приказға кіре алмады. Сол себептен біз өзіміз исполком жинап, исполком құрып өзіміз осындай решение шығардық. Осы семьяларға қайтқан 1 млн-нан қаржы берейік деп. Ол кісілер сестра хозяйки дейміз, бухгалтер бар, экономист, медсестра. Вот соларға. Бүгін мінекей осы үйге келдік, экономист өзіміздің. 04:05

РКС: Бұдан бөлек, облыстық  көпбейінді №2 ауруханада медбике, СПИД-ке қарсы күрес және алдын-алу орталығында есепші, Егіндікөл аудандық ауруханасында медбике қызметін атқарып, вирустан қайтыс болған мамандардың отбасыларына да 1 миллион теңгеден табысталды. 

ШУМ: 01:17 моментное воспоминание, что наша коллега много лет проработавшая в одной из ведущих поликлиник нашей области в городской поликлинике центральной. 01:32

РКС: Айта кетейік, бүгінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына еліміз бойынша 230 мың, облыс бойынша 10 мың адам кіреді. «Сенім» кәсіподақ ұйымы 2 жыл ішінде бірнеше отбасына 3,5 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын табыстаған. Өңірге келген жас мамандардың әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде қаражат ұсынды. Жалпы, карантин кезеңінде салалық кәсіподақ есебінен медицина қызметкерлеріне 11 миллион теңгеге тиісті көмек көрсетілді. 

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...