ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

19:29, 13 мамыр 2019

РКС: Әрбір 7-ші жұмыс орны адам денсаулығына зиян келтіреді. Бір жылда 200-ге тарта азамат жұмыс орнында көз жұмады. Оның 70 пайызы өндірістік талаптардың сақталмауы салдарынан. Осындай деректерді алға тартқан кәсіподақ ұйымдары еңбек қауіпсіздігіне басты назар аудартуды көздейді. Республикалық кәсіподақтар федерациясынан ұсынылған ел президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың өңірлік сайлауалды штабында осы және өзге де мәселелер бойынша өңір тұрғындарын қабылдау жүргізіледі.

СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ   /// Мұнда кестеге сай кезекшілер тұрғындармен кездеседі. Бұдан бөлек барлық салалық кәсіподақтарда сондай-ақ, ірі мекемелерде біздің өз өкілдеріміз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады.  Олардың барлығында өз сайлауалды штабтары қызмет атқарады. Олар азаматтардың еңбек шарттарына байланысты мәселелерді қарастырып, кәсіби көмек көрсетеді.

РКС: Адал еңбектің тиісті ақысын алуы - кәсіподақтар ұйымының басты талаптарының бірі. Ел аумағында жұмыс берушілердің жалақы қарызы 2 млрд. теңгеге жеткен.  Орташа жалақы 176 мың теңгені құраса, іс жүзінде бұл көрсеткіштер тау-кен, металургия, мұнай өндірісі салаларының үлес салмағы негізінде есептеліп отыр. Ал мұндай жоғары жалақылы салаларда елдегі еңбек адамдарының тек 8 пайызы қызмет атқарады, - дейді сала мамандары.

СНХ: БЕЙСЕНБАЙ ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ /// Біздің білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподағы еңбек жағдайын жақсарту, ұжымдық келісімшарт талаптарын сақтау, жалақыны арттыру тәрізді мәселелерде өз кандидатымызға қолдау білдіреміз. Қазір «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы қарастырылып, оған кәсіподақ мүшелері белсенді үлес қосуда. Сөзсіз бұл бағыттағы қызметті Кандидатымыз Амангелді Таспихов та қолдайды деген пікірдеміз.

РКС:  Ақмола облысында 10 салалық кәсіподақ қызмет атқарады. Сонымен қатар, ірі өндіріс ошақтарының өз кәсіподақтары да бар. Сайлау науқанында олар еңбек  адамының мүддесін қорғау мақсатында өз кандидаттарына дауыс беруге үгіттейді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ  КЕПІЛІ
18:41, 23 тамыз 2019
САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...