ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

​КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

20:32, 9 қазан 2019

Ағымдағы жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні кәсіби мерекелер тізіміне енгізіліп, алғаш рет ресми деңгейде аталып өтуде. Облыстық аумақтық кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен өңірде кәсіподақтар форумы өтті. Салтанатты шарада Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.

Кәсіподақтардың алғашқы форумында кәсіподақтардың рөлі, жұмысшының мүддесін қорғау, үшжақты келісімдер құру мәселелері талқыланды. Облыстық аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов әлеуметтік-еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді шешуде еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының алатын рөлі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіподақтың басты жетістіктеріне тоқталды. Республикалық кәсіподақтар федерациясының өкілі Мирболат Жақыпов әріптестерін мерекемен құттықтауға арнайы келіп, жылы лебізін білдірді.

МИРБОЛАТ ЖАҚЫПОВ, МЕМЛЕКЕТТІК, БАНКТІК МЕКЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Біз Үкіметке кәсіподаққа арнайы күн белгілегені үшін алғыс айтамыз. Кеше Нұр-Сұлтан қаласында үлкен мерекелік шара ұйымдастырылып, бүгін мен Федерация атынан ақмолалық белсенділерді мерекелерімен құттықтауға келіп отырмын. Біз үкімет,  кәсіпкерлермен үшжақты келісімге қол қойып, осы негізде жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінде еңбек ұжымдары кәсіподаққа мүше болғандарына қуанышты.

Іс-шара барысында кәсіподақ қозғалысы қызметкерлерінің облыстық спартакиадасының қорытындысы шығарылды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар алқалы жиында кәсіподақтар қозғалысының дамуына зор үлес қосқаны үшін кәсіподақ мүшелерін, әлеуметтік әріптестерді марапаттау рәсімі өтті. Үздік кәсіподақ қызметкерлеріне алғыс хаттар, төсбелгілер мен тұрғын үй, қайырымдылық сертификаттары табыс етілді. Солардың бірі – 18 жылдан астам кәсіподаққа мүше Аягөз Мұхамеджанова. Орталықтың бас маманы  «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.

 АЯГӨЗ МҰХАМЕДЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Қазіргі таңда Ақмола облысында 70 мыңнан астам жұмыскер кәсіподаққа мүше. Менің ойымша, кәсіподақтың болашағы зор. Кәсіподаққа мүше боылңыздар дегім келеді. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын.

Салтанатты жиын барысында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы бірқатар кәсіподақ мүшелеріне 250 мың теңге көлемінде қаржылық және 1 млн 940 мың теңгеге тұрғын үй сертификатын табыстады. Жас маман Алмас Қажытаев кезекті тұрғын үй сертификатына ие болды. Кәсіподақтың арқасында енді өз баспанам болатынына қуаныштымын,-дейді дәрігер.

АЛМАС ҚАЖЫТАЕВ, №2 КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Қайырлы күн. Мен тұрғын үй сертификатының кезекті иегерімін. Бұл тұрғын үй сертификаты пәтер алуым үшін бастапқы жарна болмақ. Денсаулық саласында 9 жылдан астам қызмет етіп келемін. Бөлім меңгерушісі болғаныма екі жылдай уақыт болды. Ақмолалықтарға сапалы қызмет көрсетуде бар күш-жігерімізді салудамыз.

Кәсіподақ – қашанда еңбек адамдарының тұрақты тірегі. Бұл - жұмыстарының жемісін көрген қызметкерлердің пікірі. Еңбек адамдарын құрметтеуге арналған шара мерекелік концертке ұласты.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...