ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

19:22, 15 қаңтар 2020

 



Кәсіпорындардың құқығы қорғалады. «Кәсіп пен инвестицияны қорғау» жобасы аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығында өңірдің кәсіпорындарымен келісімге қол қойылды. Меморандум негізінде кәсіпорындарға мемлекеттік қызметтер тарапынан қысым жасалуға жол берілмейді.

Департамент жетекшісінің орынбасары Арман Бердалиннің айтуынша, кәсібін ашқан тұлғалар құқықтық жағынан көптеген кедергілерге ұрынып жатады. Осыған орай, «Кәсіп пен инвестицияны қорғау» жобасы аясында олардың құқығын қорғау қолға алына бастады.

АРМАН БЕРДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Қаншама кәсіпкерлер әкімшілік бөгеттерге тап болып жатады. «Административные барьеры». Ардан аттаған кейбір мемлекеттік қызметшілер болады. Сіздердің жасап жатқан кәсіптеріңізге кедергі келтіріп, бір күнде жасалатын құжатты бір аптаға, бір айда жасалатын құжатты бір жылға созып жүріп алады. Ар жағында ақша талап еткісі келеді. Сондықтан, осы келісімге қол қойған кәсіпорындар тікелей антикоррупциялық орталықтың қолдауында болады.

Орталық «Ақсай нан», «Армандастар», «Агро КЗ», «Темір Барлау» кәсіпорындарымен меморандумға қол қойды. Еске сала кетейік, өткен жылы 31 кәсіпорынмен осындай келісім жасалған болатын.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ:

Келісім бойынша біз өз тарапымыздан бастама алған үлкен-үлкен төрт ұжымға жемқорлық сыбайластық фактілер орын алмауын қамтамасыз етеміз, кепіл береміз. Олар өз тараптарынан заңды сақтауға, салық төлеуге міндет алады.

Айта кетері, бүгінде антикоррупциялық орталық 12 триллион соманы құрайтын 400-ден астам жобаны қолдайды. Шағымданған отандық және шетелдік кәсіпорындардың 93 пайызының мәселесі оң шешімін тапқан.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...