ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА "КӨКШЕ" ТЕЛЕАРНАСЫ ХАБАР ТАРАТУ АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТТІ Толығырақ

КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙУДЕ

21:21, 6 желтоқсан 2017

Бірнеше мамандықтар бойынша орта буын жұмысшы кадрларын дайындайтын Шағалалы агро-бизнес колледжі бірнеше бағытта арнайы бағдарламалармен жұмыс істеп, терең әрі сапалы білім берудің оңтайлы жолын тапты.

Бұл білім ошағы көрші Ресейдегі Қорған, Челябі, Свердлов, Омбы облыстарындағы әріптестерімен де тығыз қарым-қатынас орнықтырды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда алғашқы болып сөз алған Ақмола облыстық білім басқармасының жетекшісі Елбасының жастарға тегін техникалық білім беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысына тоқталды.

Облыстағы орта-арнаулы білім беретін оқу орындарында 25 мың студент білім алып жатыр. Сондай-ақ, аймақта «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы да жүзеге асырылуда. Шағалалы селосында орналасқан неміс-аграрлық орталығының мамандары заманауи европалық технологияның қыр-сырына қанығуда. Осы орталықтың директоры Александр Тёвс алдағы болашақта Ақмола облысында орналасқан барлық колледждермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз, - деді. Ресейден келген орта кәсіптік білім беру саласының өкілдері де екі ел арасындағы оқу процесіндегі пайдалы тәжірибелердің тиімді тұстарын атап өтті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция соңында Шағалалы агро-бизнес колледжінің директоры Қайыргелді Қарабаев Ресейлік әріптестерімен меморандумға қол қойды. Енді жерде Ресей мен Қазақстанның кәсіптік білім беру саласы сапалы білім беру оңтайлы жолдарын бірлесіп шешетін болады.

Қалымбек Мұхамеджанов 

Тақырып бойынша материалдар

VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
19:23, 21 ақпан 2018
VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:23, 21 ақпан 2018
БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН  ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
19:23, 21 ақпан 2018
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖОҒАРЫ БАҒА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
18:11, 16 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
Толығырақ...