ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

КИНОТЕАТРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

17:31, 20 қазан 2020

ДК: Алдағы  аптадан бастап кинотеатрлардың жұмысы жанданады. Сонымен қатар,  сенбі күні ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда дүкендері кешкі сағат 5-ке дейін жұмыс істейді. Десе де, санитарлық нормаларды назардан шығармаулары шарт. Олардың күнделікті жұмысы арнайы құрылған  мониторингтік топтың жіті бақылауында болмақ. Тақырыпты әріптесім Абзал Азаматұлы тарқатады.
РКС: Бұл шаһардағы ең үлкен кинотеатр. 400 адамға шақталған. Мәдени нысанда 20-ға жуық адам қызмет етеді. Бірақ, елдегі эпедимиологиялық ахуалға байланысты кинотеатрдың жұмысы  наурыз айында тоқтаған. Міне араға 7 ай салып, кино орталық қызметіне қайта  кіріспек. Қойылатын талапта қатаң. Яғни залдың толымдылығы 30 процеттен аспауы тиіс.

СНХ: АРМАН БЕКЕЕВ, КИНОТЕАТР ДИРЕКТОРЫ/// Яғни, 30 процентпен санасақ біздің үлкен залда жүз орын, ал кіші залда жиырма жеті орын. Осыған байланысты, осы аптада біз қарқынды дайындаламыз. Қажетті дезинфекциялық құралдарды, санитайзерлерді, бактерицидтік  шамдар, маскалар  мен  қолғаптарды сатып алудамыз. Нысанның аумағында шектеудеміз.

РКС:   Осы тұрғыда жергілікті тұрғындардың пікіріде саналуан. Бірі кинотеатрдың ашылғаның асыға күтіп жүрсе, енді бірі бұл жағдай қауіпті індеттің таралуына сеп болады деп дабыл қағуда.

БЛИЦ-ОПРОС

- Жастар үшін жақсы әрине. Бірақ  екінші толқын басталып жатса, үш-төрт күнге ашудын қажеті жоқ.

- Конечно. Давно ждем, когда  откроется кинотеатр. Потому вечером некуда вообще сходить.

РКС: Ал, 24 қазаннан бастап сенбі күндері сауда дүкендері мен жабық базарлар кешкі сағат 17:00 ге дейін жұмыс істейді. Алайда, еркінсініп, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Талап ортақ. Сатинатарлық нормаларды бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылалды.

СНХ:  АЙНАГҮЛ  МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ///РУС/// Біздің облыс бойынша  демалыс күндері сауда үйлеріне арнайы шектеулер қойылды. Қабылданған қаулыда сауда үйлерінен басқа, ауданы мың шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің  жұмыс істемейтіні туралы  нақтылап айтылды. Қазір біз барлық кәсіпкерлерді ескертіп қойдық. Бүгіннен бастап карантиндік шараларды сақтау бойынша осы нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Егер басым бөлігі бұзушылықсыз жұмыс істейтін болса, онда біз сенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы қаулыға өзгерістер енгізетін боламыз.

РКС: Иә, тәртіпке бағынған құл болмайды. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің сөзінше өңірде соңғы күндері қауіпті індетке шалдыққандар саны көбейген. Сондықтан облыс бойынша карантин шаралары күшейтіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ,   АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ,   КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар