ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

«КІТАП – КЕМЕЛДІ ОЙДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ»

12:40, 12 қаңтар 2018

Көкшенің қарымды қаламгерлерінің бірі Айдос Әбутәліпұлы сексеннің сеңгіріне шықса да қолынан қаламы түскен емес. Жазушының әсіресе зейнет жасына шыққаннан кейін жазған дүниелері сан алуан тақырыпты қамтыды. Сезімі сергек, пайымы парасатты қаламгердің өлең, поэмалары «Абылай хан һәм Ораз аталық» хикаясы, «Алабас», «Жұмағым», «Шежіре сыр шертеді», «Арыстарға тағзым», «Өмір, сені сүйемін», «Қалам қазынасы» атты шығармаларының оқырманға берері көп.  Жазушы шығармаларында әсіресе тіл мен дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тақырыбын арқау етеді. Жазушы алаш асылдарын ардақтап, ұлттық құндылықты қастерлеу мәселесін қашанда биік қояды.

Айдос Әбутәліпов сонау Кеңес тұсында жауапты қызметтерде жүріп, ауызы дуалы қариялардан өткеннің әңгімесін, елдің тарихын, өңірдің шежіресін жазып алып, жадында сақтаған. Кейін бұл деректер жинақталып, кітап болып жарыққа шықты.

Қалың оқырман­ның жүрегіне ізгілік нұрын сеуіп, ұлағатты жол тапқан қаламы қарым­ды қаламгер тамаша туындыларымен дүйім жұрттты әлі де тамсандыра бермек. Еңбек еткен әр адам өз ісінің шебері болуға тырысуы шарт. Халқы үшін адал тер төгіп, ынтымақ-бірлікте болса, ырыс пен жеңіс ешқайда кетпейді. Бұл қарт қаламгер Айдос Әбутәліповтің пайымы. 

Ерболат Серікбай

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРҒА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙ
19:10, 17 қазан 2018
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРҒА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙ
Толығырақ...
ӘН МЕН БИ ӘЛЕМІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ
18:29, 17 қазан 2018
ӘН МЕН БИ ӘЛЕМІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ
Толығырақ...
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС  - БАСТЫ НАЗАРДА
18:29, 17 қазан 2018
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС - БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
15:14, 11 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
15:14, 11 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
Толығырақ...