ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТИІМДІ ШЕШІМІ

19:29, 6 желтоқсан 2018

РКС: Негізгі ұлттық индикаторлардың стратегиялық картасының бекітілуіне орай «2016-2020 жылдарға арналған Ақмола облысы аумағын дамыту бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгертулер енгізіліп отыр. Бұл туралы есеп берген облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Қанат Дүзелбаевтың баяндамасын мұқият тыңдаған халық қалаулыларының ана мен бала өлімі көрсеткіштері, шағын және орта бизнестің жалпы аймақтық өнім үлесі бойынша бірқатар сұрақтары туындады. Мәселенің анық-қанығына жеткен қоғамдық кеңес мүшелері акт жобасын мақұлдады.

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ/// Бұл ағымдағы жағдайды сараптау және  Ақмола облысының 2018-2019 жылдарға арналған негізгі мақсатты индикаторларына қол жеткізу мақсатында қайта қаралып, толықтырулар енгізіліп отырған жоба. Ұлттық экономика министрлігі ел экономикасы өсімін бағалауды жүргізуіне байланысты ішкі жалпы өнім көлемі өсті. Осыған орай аймақтық ішкі жалпы өнім көлемі 2018 жылы 102,8 пайызға, 2019 жылы 103,4 пайыз деңгейіне көтерілді. //

РКС: Қоғамдық кеңестің өткен отырысында шикі деп танылған су қорғау аймақтары мен жолақтарды белгілеуге және жасыл желектерді қорғау мен күтуге байланысты құжат қайта қаралды. Осы жолы жоба қоғамдық кеңес мүшелері  тарапынан мақұлданды. Отырыста қаралған жобалардың енді бірі арнайы есеп құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін газбен, электр қуатымен және сумен қамту бойынша коммуналдық қызмет түрлерін пайдаланудың нормаларын бекіту қаулысына толықтырулар енгізілуіне қатысты болды.

СНХ: ИВАН ЮРЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ- КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІІСІ/// аталыш қаулы жобасы Зеренді ауданының Азат ауылы тұтынушылары үшін жылу энергиясын қолдану нормаларының жоқтығына байланысты енгізіліп отыр. Типтік есеп ережелеріне сәйкес электр энергиясы және жылумен қамту үшін төлемдер ұлттық экономика минситрлігінің бұйрығы бойынша жылумен қамту ұйымының есеп нормасына байланысты жүргізіледі. ///

РКС: Бүгінде мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамытуға қатысты өңірде бірқатар нысандар кәсіпкерлердің сенімді басқаруына берілуде.  Олардың қатарында жылумен қамту қазандықтары да бар. Бұл тұтынушылар үшін тиімді көрінеді. Қазірде өңір бойынша 4 ауданның барлық дерлік шағын жылу қазандықтары сенімді басқаруға берілген. Басқа аудандарда да бұл үрдіс қолға алынуда. Сондықтан аталған акт жобасы қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты. Күн тәртібінде сондай-ақ, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілетін алдағы жылдың іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бибінұр Әмірханқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ  ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...
АҚАН СЕРІ  ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
19:47, 7 желтоқсан 2018
АҚАН СЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
Толығырақ...