ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА

15:37, 20 қаңтар 2020

Осыдан жарты жыл бұрын Көкшетауға 44 бірлік жаңа автобустар әкелініп, пайдалануға берілген болатын. Олардың әрқайсысы жолаушылардың санын анықтауға арналған датчиктермен, онлайн-режимдегі бейнебақылау камераларымен және стационарлық валидаторлармен жарақталған. Бұл жаңашылдықтар көлік карточкаларының енуіне жол ашты. Жолаушы тасымалдау саласындағы жаңашылдықтар туралы алдағы бейнематериалда.

Бүгінде жаңа автобустарға барлығы 86 стационарлық валидатор орнатылған. Олардың көмегімен жолаушылар кондукторсыз-ақ жолақы үшін төлеп, билетке қол жеткізе алады. Бұл кондукторларға басқа лауазымдық міндет жүктеп отыр. Яғни, олар кондуктор-кеңесші ретінде жолаушылардың валидатор арқылы билет алуын бақылап, қолма-қол ақшаға мүлдем жоламауы тиіс.

ӘСИЯ ШАРИМОВА, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ»  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазірде кондукторлардың тұрақсыздығынан біраз мәселелер туындап отыр. Сондықтан автобустағы екі тұрақты валидаторға қоса жүргізушінің жанына да бір көшпелі валидатор орнатылған. Міне, осындай  алғашқы пилоттық маршрут жолға шықты.

Жолаушылардың қолындағы билеттерін енді жүргізуші тексеруі тиіс. Бірақ Әсия Шаримова жүргізушілерге жүктелген бұл міндет қауіпсіздікке еш әсер етпейді,- деп сендіріп отыр. Себебі, бұл үрдіс автобус толық тоқтағаннан кейін жүзеге асырылады. Тек ол үшін жолаушылар көліктің алдыңғы есігінен шығуы тиіс.

ӘСИЯ ШАРИМОВА, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ»  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Әрине, бұл үрдісті бақылау жүргізушіге  қарбалас сағаттарда өте қиынға соғады. Десе де, әрбір автобус дәл сол уақытта бір рет қана өтеді ғой. Ал, негізінен қоғамдық көліктер жартылай бос жүреді. Пилоттық маршруттың жұмысын зерттеп,  бағалаған соң бұл үрдісті басқа автобустарға да енгіземіз. Егер кондуктор өзіне жүктелген міндетті толық іске асырса, оның қолақысы 140-150 мың теңгені құрайтын болады. Басты талап, бұл өзінің кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындау.

Ескі автобустарды жаңартып, жолаушыларды тасымалдауда жаңа жүйені толық енгізу жақын болашақта жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Қазірде бұл бағытта белгілі жұмыстар жүргізілуде.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, АНЕЛЬ БЕЙСЕНБАЕВА, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...