ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР

18:22, 23 қазан 2020

ДИКТОР: Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде санитарлық талаптар сақталмай отыр. Тәртіп сақшылары тауарлар мен көрсетілетін қызметтер  сапасын бақылайтын басқармамен бірлесіп, арнайы рейд жүргізді. Тексеріс барысында бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады.

ДИКТОР+ВИДЕО: Мәселен, автобус  жүргізушілері мен жолаушылар  маска кимеген, адам саны  көліктегі арнайы отыратын орындардан әлдеқайда көп. Бұл 8, 5, 12, 3 және 14-ші бағыттағы қоғамдық көліктерде кездескен.  Тәртіп бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ рейд барысында  полиция қызметкерлері тұрғындарға дезинфекциялық  режимді  сақтау керектігін  айтып, түсіндірді.  Тексеріс  жұмыстары  алдағы  уақытта да  жүргізілмек.

СНХ: РҮСТЕМ СЕЙСЕНБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ/// РУС/ 00:23 Рейд барысында анықталған негізгі құқық бұзушылықтар: адамдар маска кимеген, көлік жүргізушісі мен жолаушылар арасында тиісті арақашықтық сақталмаған. Сондай-ақ жүргізушілердің автобусты медициналық қолғап кимей жүргізгендігі анықталды. 00:33 Қала тұрғындарынан қоғамдық көлікте арақашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды сақтауларын сұраймыз. 

АВТОРЫ:  А.ӨЗЕКОВА , ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар