ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ШАРА – ОРТАҚ ІС!

16:46, 7 қазан 2019

Көкшетауда жалпықалалық сенбілік өтті. Кең ауқымды қоғамдық шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты. Сонымен қатар, өңір басшысы ардагерлермен жүздесіп, Көкше топырағының өткені мен болашағы жайлы аға буынмен пікір алмасты.

Орталық саябақтағы сенбілікке облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысып, әріптестерімен бірге еңбекке араласты. Күз айларында көшелер мен саябақтарды ағаш жапырақтарынан, өзге де қалдықтардан тазарту дәстүрге айналған қоғамдық шара. Көкшетау қаласындағы жалпықалалық сенбілікке 5 мыңнан астам тұрғын ат салысып, 20 жүк көлігі жұмылдырылды.

ЮРИЙ ШИДЛОВСКИЙ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Қалалық сенбілікке 225 мекемеде қызмет атқаратын 5000 мыңға тарта тұрғын қатысуда. Олар белгіленген аумақта жапырақ жинап, ағаштарды әктейді. Бұл іске қалалық пәтер иелері кооперативтері де ат салысып, тұрғын үй аулаларын тазарту бастамасын қолға алып отыр.

ҚАРИЯНЫҢ  - БАТАСЫ ҚАБЫЛ!

Өңір басшысы қарттар айлығы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жүздесті. Асылбек Жазиұлына сәлем бере келген өңір басшысы, қазыналы қарияларға денсаулық тілеп, әрдайым көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Алысты болжап, көпті көрген асыл ардагерлер өңір басшысымен ашық жарқын сұхбаттасып, пікір алмасты. Облыс әкімі қарияларға әзіл-шыны арлас алдағы Жеңістің 75 жылдығына қамдануды тапсырды.   

Қарияға қамқорлық қашан да жас буынның парызы. Облыс әкімі қазан айындағы атқарылар іс-шаралардың барысын бағамдап, қарттар үйіндегі зейнеткерлерге де тарту-таралғы ұсынды. Қазыналы қариялар өз кезегінде өңір басшысының еңбегіне жеміс тілеп, батасын берді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ. ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...