ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

15:24, 6 қаңтар 2020

 


Ел аумағында өрт оқиғаларының 20 пайызы автокөліктерге қатысты орын алатын деректер. Жыл сайын республика бойынша шамамен 2 мыңнан аса автокөлік өрті орын алады екен. Көлік өртін азайту мен төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында 2020-шы жылдан бастап бірқатар талаптар енгізілді.  

Жаңадан енгізілген талаптарға сәйкес газбен жабдықталған көлік құралдарын енді тұрғын үй және қоғамдық орындарға жапсарлас салынған           жабық автотұрақтарға қоюға, тез тұтанатын заттар мен жанатын майлар, баллондарды паркинг іштерінде сақтауға тыйым салынады.

АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелеріне көптеген өзгерутулер мен мен толықтырулар енгізілді. Жабық паркингтерге көгілдір отынмен жүретін көліктерді қоюға және жылытқыш құралдарын, көліктерге газ баллондарын, газбен жылытатын құралдарды сақтауға болмайды.

Көліктерге орнатылған газ баллондарының жарылу деректерінің көптеп тіркелуіне бірнеше себеп бар,- дейді мамандар. Ол автокөлікке газ баллонын орнату кезінде тиісті ережелердің сақталмауы. Көлікке орнатылған баллонға көгілдір отынды тек 85 пайызға дейін ғана толтыру қажет. Өйткені ондағы температура жоғарылаған кезде газ кеңейіп баллон жарылуы мүмкін.    

БАЙБОЛАТ ЕРБОЛАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Менің көлігім бензинмен жүреді. Өйткені, газ қою өте қауіпті. Көлік болғасын түрлі апаттар болуы мүмкін. Сол кезде газ жарылса, көлік ішіндегі адамдарға үлкен қауіп. Ең алдымен адамның өмірі маңызды ғой. Сондықтан, бензин бағасы қымбат деп, газ қойғаннан, қауіпсіздік бірінші кезекте болғаны дұрыс меніңше.

Облыс аумағында өткен жылы автөкөлік өртінің 134 дерегі тіркелген. Оның ішінде 9-ы жеңіл көлік болса, 27-і жүк таситын, 5 трактор мен бір автобус өрті орын алған. Бұл деректерде көліктің электр желілерінен шыққан ақау негізгі себеп болып отыр.

М.АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...