ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

"КӨКШЕ ЖЕРІНІҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ" ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

12:22, 11 шілде 2019

РКС: Ақмола облысы тарихи оқиғаларға бай мекен. Оған бүгінгі таңда қазба жұмыстары барысында табылған көне мәдениеттен сыр шертетін дүниелер куә. Тұңғыш Президент-Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы төл тарихымыз бен мәдениетімізді тани келе тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтереді. Сол мақсатта 6 жоба ұсынады. Оның бірі «Ұлы дала тұлғалары» серияларын шығару. Бұл бағытта Ақмола облысында да бірқатар шаралар қолға алынуда.

СНХ: БЕРІК САПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ  ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Ұлы даланың жеті қыры» былтырғы Елбасымыздың мақаласы бойынша Ақмола облысында үлкен істер атқарылып жатыр. Ақмола облысы тарихи тұлғалар мен ескерткіштерге бай үлкен қадағалау мен есепке алу біздің орталықтың мойнында республкиалық деңгейде тізімге енгізді. Былтырғы жылы біздің Көкшетау барлық киелі ескерткіштерге QR код қойдық. Бұл барлық адамдар ұялы телефон арқылы ескерткіштердің шығу тегін, батыр бабаларымыз туралы мәлімет ала алады.

РКС: Тарихи ескерткіштерді қорғау және пайдалану орталығының мамандары «Ұлы тұлға ескерткіштері сыр шертеді» тақырыбында жастарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Бұл жас ұрпақтың бойындағы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ұштау мақсатында жүзеге асырылуда.

СНХ: ҒАЛИЯ ҚОЖАНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ Көкшетау қаласындағы тарихи-мәдени мұраларды тек қорғау емес, оларды жан-жақты насихаттау жұмысын қолға алдық. ұллыларды ұлықтау, ескерткіштердің барлығына арнайы жоғары оқу орындарымен, мектептермен, жастарды тәрбиелеу мақсатында, ескерткіш маңызда арнайы іс шаралар өткіземіз.

РКС: Ақмола облысының киелі жерлер географиясы картасына барлығы 43 тарихи нысан енген. Оның 10-ы республикалық картаға, қалған  33-і облыстық картаға кірді. Сонымен қатар, өңірде тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштерді орнату жұмыстары қолға алынуда. Бүгінде ондай 6 ескерткіш орнатылған болса, жыл аяғына дейін тағы төртеуін орнату жоспарланып отыр. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...