ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУ АГРАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА – 40 ЖЫЛ

16:31, 3 желтоқсан 2019

 


Смағұл Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтының 40 жылдық мерейтойына орай, «Агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оқытушы-профессорлар мен шет елден арнайы келген ғалымдардың қатысуымен өткен мерейтойлық іс-шарада ғалымдар баяндамаларын оқып, институт ардагерлері мерейтой медалімен марапатталды.

1979 жылы іргетасы қаланған институт алғашында «агрономия» және «зооинженерия» мамандарын даярлайды. Ал, бүгінде оқу ордасында 4 кафедра бар. Осы уақыт аралығында институттың дамуына, оның ғылыми-педагогикалық әлеуетін қалыптастыруға профессорлық-оқытушылық құрамы елеулі үлес қосты. Қазіргі уақытта институтта білім мен ғылымның интеграциясы мәселелеріне зор көңіл бөлінеді.

АБАЙ ЫСҚАҚОВ, С.СӘДУАҚАСОВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ақмола облысының аграрлы саласында біздің оқу ордамыз өте беделді. Біздің түлектеріміз ауыл шаруашылығы, кәсіп, ғылымның барлық саласында жұмыс істейді. Бүгінде институтымызда 860 студент білім алуда. +скл+ Бүгін нақты егіншілік, ауыл шаруашылығында сандық ақпаратты пайдалану мәселелері көтерілді. Біздің магистрант, докторанттарымыз жиналып, осы мәселені жан-жақты талқылады.

1996 жылдан бері институт Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрамында жемісті жұмыс істеп келеді. Мәселен, институт оқытушыларының жұмысы топырақтың құнарлылығын, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және мал өнімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ (НҰР-СҰЛТАН Қ.)

 Өзіміз Нұр-Сұлтанда үш жылдай болды зерттеу жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Точное земледелие деген. Бұл әлем бойынша жаңалық болып табылады. Қазақстанда өткен жылдан бастап жүзеге асуда. Бүгінде оның нәтижесі өте жоғары. +скл+ Өткен жылы Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында қолға алынды. Нәтижесінде, мұндай жаңа технология кемінде 34 пайызға өнім көп бермек.

Аграрлық-экономикалық институтының профессорлық-оқытушылық құрамының мол ғылыми-педагогикалық тәжірибесі жинақталған. Конференция барысында оқытушылар құрамы өзара тиімді педагогикалық іс-тәжірибе алмасып, шығармашылық бастамаларын ортаға салды. Жалпы, конференция аясында ғалымдардың 10-ға жуық ғылыми баяндамалары тыңдалды.

АЙЖАН АҚТАЕВА, САБЫР ҚҰЛАТАЙ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

16:39, 6 желтоқсан 2019
КӨКШЕТАУДА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ!
Толығырақ...
16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...