ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

«КӨКШЕТАУ» ГАЗЕТІНЕ-90 ЖЫЛ!

19:41, 17 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Биыл «Көкшетау» газетіне 90 жыл. Осы аралықта облыс орталығының тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әдеби жаңалықтарын қалт жібермей жариялап келеді. Қала әкімі Амангелді Смайылов редакция ұжымын және ардагер қаламгерлерді мерейтоймен құттықтап, шығармашыл командаға сәттілік тіледі.

РКС: «Колхоз жолы»  - бұл «Көкшетау» газетінің алғашқы атауы. 1930 жылы көшпелі өмірден отырықшылдыққа ауысып жатқан қарбалас шақта өңірімізде шыққан алғашқы қазақ тілді газеттердің бірі. Бүгінде қаламгерлердлің қара шаңырағына айналған газетте Абдолла Құрманаев, Мәтен Бижанов, Жанайдар Мусин, Естай Мырзахметов, Жұмағали Саин,  Еркеш Ибраһим, Төлеген Қажыбаев,  Балталы Сәрсенбаев, Сайлау Көшкенов сынды қарымды қаламгерлердің қолтаңбасы қалған.

СНХ: САЙЛАУ КӨШКЕНОВ, ЖАЗУШЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ//қаз//Бұл газетте көптеген қаламы жүйрік журналистер қызмет етті. Мен өзім осы газетте жарты ғасырға жуық қызмет істедім. Бәріміз де осы газеттің сапалы, мазмұнды шығуына ат салыстық. Бүгінгі мерейтой құтты болсын, газеттің таралымы көбейіп, оқырмандар саны арта берсін.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, «АҚМОЛА-ТІРШІЛІК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ //қаз// Көкшетау газеті бұл Көкшетау елінің, жерінің, газеті. Әрине, ауыр кезеңдерді біз бастан өткіздік.+скл+ Көкшетаудың тарихын, Көкшетаудың өзін, Көкшетаудың азаматтарынан бөліп алудың, бөле-жара қараудың жөні жоқ. Өйткені, «Көкшетау» газеті – біздің тағдырымыз, біздің жүріп өткен жолымыз, біздің биігіміз. +скл+Осы газет бізді түлетті. Бұл – біздің алтын бесігіміз. Алтын ұямыздың 90 жылдығы құтты болсын. Еліміз өркендей берсін.

РКС: Ғасырға жуық аралықта газеттің атауы бірнеше рет өзгерген. 1930 жылы «Колхоз жолы»,  1944 жылы «Көкшетау правдасы», 1963 жылы «Тың өлкесі», 1966 жылы қайтадан «Көкшетау правдасы» болып ашылады. Тек 1990 жылдан бастап «Правдасы» тіркесі алынып,  «Көкшетау» газеті деген атпен хабар тарата бастайды.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, «КӨКШЕТАУ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ //қаз//Осы 90 жылда басынан біраз өмірді өткізді деуге болады. Әуелі қалалық газет болып шыққан. Бірақ аудандарға да тарап тұрған. Бұрын соңды ондай газет болмағандықтан осы өңірдің халқы үшін, көкшетаулықтар үшін үлкен бір қуаныш болды деп елестетуге болады көз алдымызға. Өйткені, ол уақытта телевидение жоқ, радио бірде бар бірде жоқ дегендей, жаңалықтың жаршысы, бірден бір хабар таратушы, мәдениетті таратушы, жастардың қаламын ұштаушы, сондай бір біріктіруші күш газетте болды.

РКС: Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов редакция ұжымын және ардагер қаламгерлерді газеттің 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Газеттің материалдық базасын нығайтуға 5 млн. теңге  көлеміндегі сертификат табыстады.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ//қаз//Редакцияда есімдері елге мәлім ағаларымыз қызмет істегенін білеміз. Сол кісілердің дәстүрін бүгінде сіздер жалғастырып келесіздер. Бүгінгі таңда қарқынды даму үстіндегі облыс орталығының саяси-әлеуметтік, экономикалық және әдеби-мәдени жаңалықтарын талмай жазып келеді. +скл+Сіздерді газеттің 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Оқырмандарыңыз көп болып қаламдарыңыз талмасын.

РКС: Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы. «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бекер айтпаған. Қай кезеңде болмасын «Көкшетау» газеті елдің қамы мен халықтың жоғын жоқтаудан талған емес. 

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ВАСИЛИЙ  ВЕРЕЖНИКОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН,  КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...