ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

20:20, 14 қыркүйек 2018

РКС: Облыс әкімінің орынбасары Марат Иғали және Көкшетау қаласының туризм басқармасы басшылығы мен кәсіпкерлері өңірдің туризм саласындағы жеткен жетістіктері мен алға қойылған жоспарлары жайлы талқылады. Қазіргі көрсеткіштерге сүйенсек қаланың туризм индустриясын дамыту мақсатында 15 туристік фирма мен 26 қонақ үй жұмыс жасауда. Олардың қатарында ең сұранысқа ие болып жатқандары: «Green Which Hotel Kokshetau», «Достық», «Ақ желкен» және «Плаза» қонақ үйлері.

СНХ: ДАНИЯР ИДИЯТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  /// Бүгін ашық аспан аясында ерекше бизнес кездесу өткізіп отырмыз. Басты мақсат –Көкшетау қаласының туризм саласының өркендей түсуі, себебі бізде тау да, көл мен орман да бар, соның бәрін ретімен қолдана алуымыз қажет. Сондықтан, бүгін осы жәйттардың бәрін кеңінен талқылап, ортақ бір структура жасаймыз деген ойдамын.

РКС: Үстіміздегі жылдың 8 ай бойғы ресми тіркелген көрсеткіші бойынша туристтер саны 36 мыңнан аса адамды құраған. Туризм саласына жалпы құны 235 миллион 500 мың теңгені құрайтын инвестиция құйылған.Сонымен қатар, жиынға шақырылған кәсіпкерлер өздері басқарып отырған мекемелердегі жетістіктерді ғана айтып қоймай, кемшіліктерді де тілге тиек етіп, оның алдын алу жолдарын ұсынды.  

СНХ: МАРАТ ИҒАЛИ,  ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  /// Кәсіпкерлер де басқа өкілдер де өздерін еркін сезініп, толыққанды ашыла алуы үшін бүгінгі еркін кездесуді ұйымдастырып отырмыз. Елбасының бизнестің жол картасы бағдарламасын кеңінен насихаттап ғана қоймай іске тезірек асуына жағдай жасау керек. Қала тұрғындары демалу үшін өзге өңірлерге сабылып барып жүрмесі үшін қаладағы бар байлықты игерейік. Сол себепті қандай проблемалық мәселелер болса да бүгін барынша шешім қабылдап, іске кірісейік./

РКС: Аталғандардан бөлек Көкшетау қаласының медецина, аэропорт, спорт туризмі, мәдениет салаларының жаңалықтары құлақ қағыс етілді. Шара барысында облыстың туризм саласының қанат жайуына ықпал ету мақсатында Көкшетау қаласы  мен Ресейдің Челябі аэропорт басқармасының басшылары бірлескен меморандумға қол қойғандығы айтылды.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...