ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СПИД-ПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

18:12, 6 қараша 2019


Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне арналған айлық басталды. Ақмола облысында 5 желтоқсанға дейін Дүниежүзілік ВИЧ-инфекциясына қарсы күрес күніне арналған айлық өткізіледі. Айлық аясында тұрғындар мамандар кеңесін алып, қан қысымын тексеріп, қан пен холестерин деңгейін өлшей алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

Облыс бойынша ағымдағы жылдың 9 айында адамның иммун тапшылығы вирусын туғызатын аурулардың 125 жағдайы тіркелген. Өсу үрдісімен алғанда бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 21 жағдайға артып отыр. Анықталған ВИЧ-инфекция дерегінің 52,1 пайызы – тамыр ішіне есірткі енгізу арқылы жұқтырған.

ҚҰРМАНБЕК БҰРМАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СПИДКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Қауымдастық түрлі жолдармен СПИД-ке қарсы әрекет етеді. Олардың көшбасшылығы адамдардың жауап шараларында басты назарда қалатынына кепілдік береді. Бүгінде жауапты шаралар негізделген әрі өзекті болып отыр. Қоғамдастық түрлі консультанттар мен адамның иммун тапшылығы вирусын туғызатын аурулармен өмір сүретін адамдарды қамтиды.

Мамандар бұл дерт жастардың арасында көп кездесетінін айтады. Мәселен, өңірде ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандардың ең көп бөлігін 30 бен 39 жас аралығындағы жастар құрап отыр. Бұл ретте, ағымдағы жылдың мамыр айында Көкшетау қаласында диагностика бөлімшесі ашылды. Аталмыш бөлімше Иммунологиялық және антиретровирустық терапия мониторингі үшін өте маңызды рөлге ие болып отыр.

БӘТЕШ БӘПЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СПИДКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйектегі деректерге сәйкес, адамның иммун тапшылығы вирусын туғызатын аурулармен өмір сүретін адамдар саны 703 адамды құрап отыр. Облыс бойынша жүз мың халыққа таралу көрсеткіші 95,2 құрайды. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар облыстың барлық аудандары мен қалаларында тіркелген. ВИЧ-инфекциясы жұқпасының жағдайы бойынша Көкшетау, Степногорск қалалары мен Атбасар, Жарқайың, Бурабай, Ақкөл аудандарында қолайсыз жағдайлар бар.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап облыс орталығында инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында ВИЧ-инфекциясының алдын алуға бағытталған жоба жүзеге асырыла бастады. Жоба аясында 200-ден астам адам адамның иммун тапшылығы вирусын туғызатын аурулар жұқпасына тестілеуден өткен.

АЙЖАН АҚТАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...