ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ЖЫЛЫ Толығырақ

КӨКШЕТАУДА ҚАРБЫЗ ӨСУДЕ

19:45, 15 қыркүйек 2020

ДК: Қаланың дәл ортасында қарбыз өсуде. Бау-бақшада емес, кәдімгі кәсіпорын алдындағы аулаға егілген. Бұл «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» облыстық филиалы қызметкерлерінің жемісі. Өнімнің шығымдылығы да жаман емес.  Бүгінде мекеме ұжымы 60-қа жуық қарбыз жинап алыпты. Талайды таңқалдырып, таңдай қақтырған қарбыздарды әріптесім Абзал Азаматұлы көріп қайтты.

РКС:Нұрбек Қайырбекұлы аталмыш мекеменің қызметкері. Қарбыздың дәл осылай өнім беруіне бірден-бір себепкер осы жан. Себебі, елордадан жеміс дәнін арнайы әкелген. Тәжірибе алу мақсатында оны жұмыс орнының  алдындағы аулаға отырғызады.

СНХ: НҰРБЕК РАМАЗАН, «ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ//аударма// 15 мамырда ектік. Бұл Астрахандық тұқым. Ол біздің жақта жақсы өнім береді. Күн сайын суардық. Әр түпке бір шелектен су құйып отырдық. Бірінші жылға өнім жаман емес.

РКС: Әрине, өнім шығымдылығы көңіл қуантады. Жерге алғаш дән сіңіргенде мекеме қызметкерлері қарбызға қарық болатынын әсте болжамаған. Десе де, жаздың аптап ыстығы жеміске жақсы әсер еткендей. Бүгінде орталық қызметкерлері алғашқы өнімнен дәм татқандарын айтады.

СНХ: ӘЛИЯ ЫБЫРАЕВА, «ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ»ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ//аударма// Біз әріптестесімізбен тәжірибе негізінде ектік. Осындай өнім береді деп ешкім ойламады. Бір апта бұрын біз бірінші қарбызды жедік. Оның салмағы 14 келі болды.  Дәмді, тәтті. Қаланың тең жартысы біздің өнімге тамсанып жүр.

РКС: Қазіргі таңда кәсіпорында 50-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Олар алдағы жылы қарбыз өсіру үшін арнайы орын дайындауды жоспарлап отыр. Мекеме мамандары Солтүстік аймақтың климатына қарамай, өнім көлемін одан әрі ұлғайтуғамүмкіндік бар екенін айтады.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР  САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
18:50, 30 қараша 2020
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
18:39, 30 қараша 2020
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...