ШҰҒЫЛ! СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ Толығырақ

КӨКШЕТАУДА ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

18:16, 14 қаңтар 2020

 


Көкшетауда  ресейлік «Эталон меха» фабрикасының көрме-жәрмеңкесі өтуде. Мұнда қаланың сәнқой бикештері үшін керемет тондар мен ішіктердің сан алуан түрі бар. Таза тері мен былғарыдан тігілген бұйымдар қолжетімді бағамен саудаға шығарылған, тіпті бөліп төлеу мүмкіндігі бар.

Қаракүзен, бұлғын, мутон мен түлкі терісінен тігілген 3 мыңға жуық тондар. Нағыз сәнқойлар үшін бұл керемет мүмкіндік. Көрме орталығында таңдау да көп. Бастысы, талғамыңыз жоғары болса болғаны. Мұнда кез келген жан өзіне қажетті ішіктерге тиімді бағада қол жеткізе алады. Пайызсыз несиеге алу да қарастырылған. 20 пайызға дейінгі жеңілдіктер тағы бар.

АНТОН САРАНЧА, САТУШЫ-КЕҢЕСШІ

Пятигорск қаласынан келген жәрмеңке Көкшетау қаласында бірінші рет емес. Бізде жаңа топтамалар өте көп. Шубалар түрі норка, мутон, лиса, чернобурка жас қыздарға арналған. Үлкен кісілерге, ер кісілерге арналғандар бар. Сонымен қатар 24 айға бөліп төлеп алуға да болады. 

Мұндағы тондардың тігісі жатық, фурнитурасы орнықты әрі аса ұнамды. Әйелдер үшін ұзын және қысқа түрлері бар. Өнімдер негізінен Ресей мен Канадада шығарылған. Бұл көрмеден тек тондардың қарапайым үлгілері емес, түрлі түсті, табиғи және боялған түрлерін де таба аласыз. 38 бен 74-ші өлшем аралығындағы бұйымдар алушысын күтеді. Бағасы көңілге қонымды.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен, қаламызда тондар жәрмеңкесі өтіп жатыр дегенді естіп бірден келдім. Тондардың түр-түрі осы жерде. Жеңілдіктері де жақсы. Мутон тондарға 50 пайыз. Бүгін өзіме ұнаған шубаны табамын деп ойлаймын.

Көрме-жәрмеңке Көкшетау қаласындағы Ақан сері көшесі бойында орналасқан «Көкшетау мәдениет сарайы» ғимаратында 19-шы қаңтарға дейін жалғасады. Сағат 10-нан 19:00-ге дейін жұмыс істейді, келемін деушілерге есік ашық. 

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ
19:37, 3 сәуір 2020
СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
19:39, 30 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:54, 31 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...